Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирусқа қарсы ревакцинацияға кірісуді тапсырды
Вторник, 16 ноября 2021 09:03
Үкімет пен әкімдер халықты ревакцинациялау науқанына кірісуі қажет. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Эпидемиологиялық ахуал тұрақсыз болып қалуда. Күн сайын 30-ға дейін өлім-жітім тіркеледі. Мұның барлығы вакцинация қарқынының төмендеуі аясында орын алып жатыр. 9 айда халықты қамту шамамен 40 пайыз болды», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев Екібастұзда өтіп жатқан моноқалаларды дамыту мәселелеріне арналған жиналыста. Ақорданың Twitter-дегі мәліметіне сәйкес, Президент елдердің басым бөлігі халықты ревакциналауға көшкеніп атап өтті.