г. Державинск
ул. М. Габдуллина, 101/5

«Pfizer директоры вакцинаның тиімділігіне көңілі толмайтынын айтты»

Әлеуметтік желілерде қолданушылар Pfizer компаниясының бас директоры Альберт Бурла өз компаниясы шығарған COVID-19 қарсы вакцинаның тиімділігіне көңілі толмайтынын мәлімдегені жайлы ақпарат таратуда. Бұл жалған.

Желі қолданушылары жаппай таратып жатқан дәйексөз контекстен үзіп алынған. Альберт Бурла вакцинаның тиімділігі туралы 10 қаңтарда Yahoo Finance-қа берген сұхбатында айтқан болатын. Бұл вирустың омикрон нұсқасына қатысты болды.

– Вакцинаның екі дозасы өте төмен қорғаныс деңгейін қамтамасыз ететінін білеміз. Үш доза, бустермен бірге, ауруханаға жатқызу мен өлімнен жақсы қорғайды. Менің ойымша, өлім жағдайын болдырмауда тиімді, ал ауру жұқтырудан аса қорғамайды», – деді ол.

Альберт Бурланың бұл сөздері омикрон нұсқасына ғана қатысты болды. SARS-CoV-2 вирусының басқа белгілі нұсқаларына қарсы вакциналар әлі де болса жоғары тиімділік көрсетуде.

Сол күні, 10 қаңтарда Альберт Бурла CNBC-де сөз сөйлеп, «үшінші дозасын алған жағдайда, қазіргі вакциналар аурудың ауыр ағымынан, ауруханаға жатқызудан және өлімнен жеткілікті қорғаныс деңгейін қамтамасыз етеді» деп мәлімдеді.

Сонымен қатар, ол Pfizer компаниясының омикрон нұсқасымен күресуге бағытталған нақты вакцина жасау бойынша жұмыстар жүргізіп жатқанын жеткізді. Оны биыл наурыз айыына қарай әзірлеу көзделген.
Осылайша, Альберт Бурла вакцинаның тиімділігіне көңілі толмайтынын айтқаны туралы хабарламалар манипуляция болып табылады. Шын мәнінде, ол омикрон нұсқасынан қорғау және оны қамтамасыз ету үшін ревакцинациядан өту керек екені жайлы айтты.

Ресми бөлім

09.07.2024, 05:57 Халықтың кредиттелуін төмендету мақсатында ауданда қаржылық сауаттылығын арттыру Бұдан бұрын әлеуметтік желілерде және «Целинное знамя» газетінде халықтың кредиттелуін…
22.12.2023, 09:09 Мүмкіндігі шектеулі адамдарға қолжетімді орта құру Халықтың аз қозғалатын топтары мен мүмкіндігі шектеулі жандар үшін әлеуметтік…
17.11.2023, 04:39 Сотты құрметтемеу. Бұл нені білдіреді және ол қандай жазаны білдіред? Әкімшілік құқық бұзушылық, азаматтық, қылмыстық істер туралы істерді сот талқылауыбарысында…
17.11.2023, 04:14 «Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі Көрсетілетін қызметті беруші: «Жарқайың ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар…
23.10.2023, 11:40 Мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділікті қамтамасыз етпеу бойынша жауапкершілік Қазіргі қоғамда «мүгедектік» мағынасы адам үшін қоғаммен «әлеуметтік иеліктен шығарылған»…
13.02.2023, 04:08 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Соңғы жылдары Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте белсенді қызмет байқалды.…