Ақмола облысында жасөспірімдерді вакцинациялау туралы айтылды
Ақмола облысының бас санитарлық дәрігері Айнагүл Мусина 12-17 жастағы жасөспірімдер арасында вакцинация туралы айтып берді. Сондай-ақ, білім беру объектілерінде неге егу пункттері ашылмағанын түсіндірді, деп хабарлайды өңірлік коммуникациялар қызметі.
Айнагүл Мусинаның айтуынша, бүгінде жасөспірімдер вакцинаны облыстың медициналық ұйымдары жанындағы барлық егу пункттерінен ала алады. Бас дәрігер ата-аналар немесе заңды қамқоршылар да қатыса алатындығын еске салды.
"Екпе алғысы келетіндердің саны жаппай сипатқа ие емес, сондықтан олар әлі мектептерде егілмейді. Бірақ орта арнайы мекемелерде егу бригадалары жұмыс істеп жатыр, оларды білім беру мекемелері шақыра алады", - деді Айнагүл Мусина.
Спикердің ақпараты бойынша, 1 315 жасөспірім "Comirnaty"вакцинасының бірінші компонентін алды. Сондай-ақ, 21 жүкті және 344 бала емізетін әйелдер егілді.
"Вакцинаның бірінші компонентінің 35 100 дозасы алынды, 1 680 немесе 2,5 пайыз егілді. Pfizer шығарған "Comirnaty" әлемнің 143 елінде сәтті қолдану тәжірибесіне ие. Тиімділік 90 пайыздан асады", - деп еске алды Мусина.
Облыс бойынша Covid-19 вакцинациясына барлығы 133 егу пункті тартылған.
Егу науқаны басталғаннан бері бірінші компонентпен (5 вакцина) 314 115 адам егілді, бұл тиісті халықтың 65,5 пайызын құрайды, бұл жалпы халықтың 42,7 пайызын құрайды%,
287 946 адам екінші компонентті алды, бұл тиісті халықтың жалпы санының 60,0% - ын, халықтың жалпы санының 39,1% - ын құрады.