г. Державинск
ул. М. Габдуллина, 101/5

1 Наурыз

1 наурызда Ақмола облысында өңірлік кадр резервіне іріктеу басталмақ. ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілевтің айтуынша, мұндай жобаның мақсаты - мемлекеттік қызметке талантты жастарды тарту.

Ведомство басшысы Өңірлік коммуникациялар алаңында өткен журналистермен кездесуде кадрлық резервке алынған үміткерлер "Б" корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына тағайындалуы мүмкін. Алайда, олар сайланатын лауазымдарға қызметке тағайындала алмайды.

"Өңірлік жастар кадр резервіне үміткерлерді іріктеу 6 салалық бағыт бойынша іске асырылады. Олар индустрия және өнеркәсіп, экономика және қаржы, әлеуметтік сала, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және инфрақұрылым, агроөнеркәсіптік кешен және жер қатынастары, цифрландыру. Іріктеуге 35 жастан аспаған, 3 жыл еңбек өтілі бар, жоғары білімді Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады", - деп мәлімдеді Думан Әбілев.

Іріктеу 6 кезеңнен тұрады. Құжаттарды қабылдау 1-31 наурыз аралығында өтеді. Жобаға қатысуға үміткерлер осы аралықта жеке басын куәландыратын құжат, өтініш, білім туралы диплом көшірмесі, еңбек жолын растайтын құжаттың көшірмесі сынды құжаттарды onir.pkrezerv.gov.kz онлайн платформасына жүктеуі, пошта арқылы жолдауы немесе қолма-қол ұсынуы тиіс.

Ресми бөлім

09.07.2024, 05:57 Халықтың кредиттелуін төмендету мақсатында ауданда қаржылық сауаттылығын арттыру Бұдан бұрын әлеуметтік желілерде және «Целинное знамя» газетінде халықтың кредиттелуін…
22.12.2023, 09:09 Мүмкіндігі шектеулі адамдарға қолжетімді орта құру Халықтың аз қозғалатын топтары мен мүмкіндігі шектеулі жандар үшін әлеуметтік…
17.11.2023, 04:39 Сотты құрметтемеу. Бұл нені білдіреді және ол қандай жазаны білдіред? Әкімшілік құқық бұзушылық, азаматтық, қылмыстық істер туралы істерді сот талқылауыбарысында…
17.11.2023, 04:14 «Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі Көрсетілетін қызметті беруші: «Жарқайың ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар…
23.10.2023, 11:40 Мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділікті қамтамасыз етпеу бойынша жауапкершілік Қазіргі қоғамда «мүгедектік» мағынасы адам үшін қоғаммен «әлеуметтік иеліктен шығарылған»…
13.02.2023, 04:08 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Соңғы жылдары Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте белсенді қызмет байқалды.…