г. Державинск
ул. М. Габдуллина, 101/5

АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫ РЕСПУБЛИКА КҮНІН ҚАЛАЙ АТАП ӨТЕДІ?

Ақмола облысының білім беру ұйымдары Республика күнінмерекелеу қарсаңында өңір оқушыларының саяси мәдениетімен азаматтық ынтымақтастығын арттыруға ықпал ететінкөптеген түрлі іс-шаралар ұйымдастырады.

Бүгінгі таңда облыстың білім беру ұйымдарында«Егемендік – елдің бағдары жетпес игілігі!» дебаттықтурнирлер, әнұранды орындау бойынша флешмоб, фотоконкурстар, эссе конкурстары, «Даналық мектебі» клубтары арасындағы спорттық жарыстар, жас оқырмандарконкурсы, қолөнер, суреттер, аппликациялар көрмелері. Әлеуметтік желілерде бейнероликтер, сәндік жәнеқолданбалы өнердің виртуалды көрмелері, оқушылардыңжетістіктері жариялануда. Сондай-ақ мектептер мен колледждерде «Тәуелсіз елім-Қазақстан!» атты шығарма, сурет, сынып сағаттарының конкурстары өтіп жатыр

Сандықтау ауданындағы «Жас дәурен» БСО негізінде осы күндері мерекеге арналған іс – шаралардың жеңімпаздарыанықталуда: олар - облыстық мектептің өзін-өзі басқарукөшбасшылары мен балалар ұйымдарының көшбасшылары«Мен-елімнің ертеңімін» форумы, мектеп парламентініңүздік Президентінің «Көш көсемі – 2023» және «Жыл оқушысы» конкурстары.

Облыстық дене шынықтыру, туризм және алғашқы әскерижәне технологиялық даярлық орталығы қосымша білім беру ұйымдарының тәрбиеленушілері арасында тоғызқұмалақтанжарыс өткізуде. Ал 31 қазан – 3 қараша аралығында ҰлттықМектеп лигасының бағдарламасында 9-11 сыныпоқушылары мен қыздары арасында асық ату, бес асық жәнетоғызқұмалақ ойындары өтеді.

Ал 24 қазанда «Ақындар айтысы» кең ауқымдыреспубликалық акциясы өтеді. Импровизация байқауындаоқушылар мен студенттер домбырада ойнау өнерін ұлықтап, туған өлкенің тарихы, Республиканың жетістіктері туралы білімдерімен бөліседі.

Колледж студенттері «Игі істер автобусы» акциясы аясындаөздерінің жасап жатқан жұмыстарын Республика күнінеарнап, айналасындағыларға қуаныш сыйлайды.

Сондай-ақ мереке құрметіне ауылдық жерлердегі балаларүшін облыс және елорда мұражайларына танымдықэкскурсиялар ұйымдастырылды.

[

 

Ресми бөлім

09.07.2024, 05:57 Халықтың кредиттелуін төмендету мақсатында ауданда қаржылық сауаттылығын арттыру Бұдан бұрын әлеуметтік желілерде және «Целинное знамя» газетінде халықтың кредиттелуін…
22.12.2023, 09:09 Мүмкіндігі шектеулі адамдарға қолжетімді орта құру Халықтың аз қозғалатын топтары мен мүмкіндігі шектеулі жандар үшін әлеуметтік…
17.11.2023, 04:39 Сотты құрметтемеу. Бұл нені білдіреді және ол қандай жазаны білдіред? Әкімшілік құқық бұзушылық, азаматтық, қылмыстық істер туралы істерді сот талқылауыбарысында…
17.11.2023, 04:14 «Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі Көрсетілетін қызметті беруші: «Жарқайың ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар…
23.10.2023, 11:40 Мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділікті қамтамасыз етпеу бойынша жауапкершілік Қазіргі қоғамда «мүгедектік» мағынасы адам үшін қоғаммен «әлеуметтік иеліктен шығарылған»…
13.02.2023, 04:08 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Соңғы жылдары Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте белсенді қызмет байқалды.…