г. Державинск
ул. М. Габдуллина, 101/5

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі алаяқтықтың жиілеп кеткен жағдайлары туралы ескертеді

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту  агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) интернет кеңістігінде «Webtrader» инвестициялық компаниясының сайтына сілтеменіңбелсенді түрде таратылып жатқанын хабарлайды, онда қысқа мерзім ішінде кепілдік берілген инвестициялық кіріс уәде етіледі.

Алаяқтар белгілі блогерлер мен Агенттік басшыларының есімдері мен фотосуреттерін азаматтардың барынша көп санын тарту және олардың сеніміне ие болу үшін пайдаланады.

Агенттік ресми түрде Агенттік басшылары немесе қызметкерлері биржалық нарықтарда бағалы қағаздарды немесе басқа активтерді сатып алуды ұсынбайтынын және жеке және заңды тұлғалардың ақшалай қаражатын тартпайтынын мәлімдейді.

Агенттік өз құзыреті шеңберінде бағалы қағаздар нарығының жұмыс істеуін және дамуын, оның инфрақұрылымын дамытуды қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік саясатты жүргізеді, қор нарығының және оның қатысушыларының ағымдағы жай-күйіне мониторинг пен талдауды жүзеге асырады, инвесторлардың құқықтары мен мүдделерін қорғаудың тиісті деңгейін, сондай-ақ бағалы қағаздар нарығы субъектілерінің қызметі туралы ақпараттың толықтығы мен қолжетімділігін қамтамасыз етеді.

Агенттік азаматтарды қырағы болуға және алаяқтардың қулықтарына ермеуге шақырады.

Егер сізде қаржылық алаяқтармен байланыстыңыз деген күдік туындаса, тұрғылықты жеріңіздегі құқық қорғау органдарына дереу хабарласу қажет.

Лицензияланған брокерлер тізіміменАгенттіктің www.gov.kz ресми интернет-ресурсында танысуға болады. Агенттіктіңинтернет-ресурсында көрсетілгенинвестициялық делдалдың деректемелеріброкер лицензиясындағы деректемелерменсәйкес келуі тиіс екенін ескеріңіз.

Қаржы реттеушісінің интернет-ресурсындаазаматтар Агенттікке шағымдармен жүгінгенлицензияланбаған «инвестициялықделдалдардың» тізімі де орналастырылған.

 

 

Ресми бөлім

09.07.2024, 05:57 Халықтың кредиттелуін төмендету мақсатында ауданда қаржылық сауаттылығын арттыру Бұдан бұрын әлеуметтік желілерде және «Целинное знамя» газетінде халықтың кредиттелуін…
22.12.2023, 09:09 Мүмкіндігі шектеулі адамдарға қолжетімді орта құру Халықтың аз қозғалатын топтары мен мүмкіндігі шектеулі жандар үшін әлеуметтік…
17.11.2023, 04:39 Сотты құрметтемеу. Бұл нені білдіреді және ол қандай жазаны білдіред? Әкімшілік құқық бұзушылық, азаматтық, қылмыстық істер туралы істерді сот талқылауыбарысында…
17.11.2023, 04:14 «Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі Көрсетілетін қызметті беруші: «Жарқайың ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар…
23.10.2023, 11:40 Мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділікті қамтамасыз етпеу бойынша жауапкершілік Қазіргі қоғамда «мүгедектік» мағынасы адам үшін қоғаммен «әлеуметтік иеліктен шығарылған»…
13.02.2023, 04:08 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Соңғы жылдары Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте белсенді қызмет байқалды.…