Қазір Қазақстан
Четверг, 25 мая 2023 06:27
Қазір Қазақстанды қойып, дүние жүзі мемлекеттерінің рыногы Қытай өнімдері, Қытай тауарларынсыз кей жағдайда қаңырап бос қалары да айдан анық мәселе. Сондықтан да, Қазақстан Республикасы және Қытай Халық Республикасы басшыларының Бірлескен мәлімдемесінің Қытайдың тап іргесінде отырған Қазақстан үшін аса маңызды деп санаймыз.
Екі елдің Үкіметтерінің арасындағы «Транскаспий» халықаралық көлік бағытын дамыту, техникалық-экономикалық ынтымақтастықты орнықтыру, индустрияландыру және инвестициялық ынтымақтастықты нығайту жайының ақиқатын айтар болсақ, экономикасы әлі де әлсіз, тіпті дімкәс және жаңа өндіріс орындарына зәру болып отырған Қазақстан үшін зор маңызы бар екендігін ескергеніміз абзал.