г. Державинск
ул. М. Габдуллина, 101/5

«Әділ сайлау үшін» штабы өз жұмысын бастады

«Әділ сайлау үшін» штабы өз жұмысын бастады

«Қазақстан заңгерлері одағының» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Серік Ақылбай «Әділ сайлау үшін» штабы өз жұмысын бастағанын айтты, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.

Заңгерлер одағының жанында Әділ сайлау үшін штабы құрылған. Біз Президент сайлауы кезінде жұмыс істедік енді сол істі 19 наурызда болатын Парламент сайлауына дейін жалғастырамыз. Ондағы мақсат - халыққа сайлаудың процестерін кеңінен түсіндіру. Оның ішінде аудандық, облыстық мәслихаттарды сайлау және республикалық мәжілістегі сайлауды жіті түсіндіру жұмыстары кіреді, - деді Серік Ақылбай.

Заңгердің айтуынша, ел бойынша штабтың 7 мүшесі бар сонымен бірге ел өңірлерінде 150 заң заң консультанттары жұмыс істейді. Олар әр өңірдегі штабтың филиалдарында түсіндірме жұмыстарын жүргізбек.

Біз бүкіл республиканы қамтып жұмыс істейміз. Партияны тіркеу жөніндегі сұрақтар да көп, олардың арасында тіркеле алмай жүргендері де бар. Біздің штаб сол мәселелердің бәрін тыңғылықты түсіндіруге тырысады. Біздің мақсатымыз үгіттеу емес, заңды түсіндіру. Себебі, халық сайлауға сауатты болып қатысса, ол басқа дүние, құр жай біреудің елеуімен қатысу ол бір бөлек нәрсе, - деді «Қазақстан заңгерлері одағының» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы.

Ресми бөлім

09.07.2024, 05:57 Халықтың кредиттелуін төмендету мақсатында ауданда қаржылық сауаттылығын арттыру Бұдан бұрын әлеуметтік желілерде және «Целинное знамя» газетінде халықтың кредиттелуін…
22.12.2023, 09:09 Мүмкіндігі шектеулі адамдарға қолжетімді орта құру Халықтың аз қозғалатын топтары мен мүмкіндігі шектеулі жандар үшін әлеуметтік…
17.11.2023, 04:39 Сотты құрметтемеу. Бұл нені білдіреді және ол қандай жазаны білдіред? Әкімшілік құқық бұзушылық, азаматтық, қылмыстық істер туралы істерді сот талқылауыбарысында…
17.11.2023, 04:14 «Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі Көрсетілетін қызметті беруші: «Жарқайың ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар…
23.10.2023, 11:40 Мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділікті қамтамасыз етпеу бойынша жауапкершілік Қазіргі қоғамда «мүгедектік» мағынасы адам үшін қоғаммен «әлеуметтік иеліктен шығарылған»…
13.02.2023, 04:08 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Соңғы жылдары Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте белсенді қызмет байқалды.…