г. Державинск
ул. М. Габдуллина, 101/5

Атаға шапан силады

Құсмырынға жаңадан темір жол станциясын салу үшін 1938 жылдың басынан бастап құрылыс материалдары келе бастады. Үйлердің ірге тастары наурыз айында қызу салына бастады. Әр жерден шебер құрылысшылар көп келді. Мен, Сабырхан Уәлиұлы Нүрпеисов Құсмырын станциясында 1938 жылғы 8 мамырда тудым. 3 жасымда Ұлы отан соғысы 1941 жылы басталып әкемді іңісімен бірге военкомат шақырып жедел отанды жаудан қорғау үшін әскерге алды. Шешем болған жоқ, қайтыс болған. Мені кәрі әжем, әкемнің анасы бағып өсірді. Аштық, күнкөріс ауыр болды. Бұрыннан Құсмырын станциясы іргелеес колхоз Шолақтерек миалы болды. Қостанай облысы Әулиекөл ауданы колхоздарында 1941-1945 жылдарда шалдар мен кемпірлер, мүгідектерде жұмыс істеді. Менде өзім сияқты балаларға қосылып аштықтан өлмеу үшін колхоздың картобын жинасып өгіз арбамен қоймаға тасыдым, қой баққан шал-кемпірлерге көмектестім, бірігіп қой бақтым, сол кезде 6,7 жастамын. Бәрі Отан үшін, бәрі жеңіс үшін деп істедік. Осындай тағдыр тауқым етуге біз тұрған үйден Құсмұрын шетіндегі мектеп 5 шақырым, соған 1946 жылдан 1957 жылға дейін жаяу жүріп 10 сынып бітірдім. Құсмұрында 10-ші сыныпты бітірісімен Мұратова Балғалым Төлепберген қызына үйленіп екеуміз бірге Құсмырын станциясы теміржолға путевой жұмыскер болып жұмыс істедік. Ол кезде Құсмұрынның дистанция пути бастығы Пивницкий Николай Иванович деген шал еді. Мені «Сын фронтовика» деп бригадирлік курсқа жіберді. Одан кейін темір жол техникумін бітірдім. Бригадир мастер болып істедім. Әйеліміз екеумізде құрметті сыйлықтар алып тұрдық.

Мені майталман теміржолшығы үйреткендер Құсмұрын дистанция путидің мамандары. Мырзахмет Балғабай ҰОС-на қатысқан, почетный гражданин герой соц.труда, кавалер ордена «Ленина», красной знамени. Құшмұрын дистанция путида жұмыс жасаған. Ол Қазанбасы станциясында 1924 жылы туды. 03.01.2013 жылы қайтыс болды. Айтмухамбетова Ұлболсын апай 01.10.1930 жылы туды. 10 баланың анасы «Мать героиня», «Труженица тыла», «Ветеран труда» 02.01.2022 жылы қайтыс болды. Құсмырын станциясы локомотивное депо. Негунаева София Петровна 1922 жылы туды. Жарты ғасырдан артық Құсмырын станциясында тұрды, паровоз машинисінің көмекшісі, машинист паровоза болып 44 жыл жұмыс істеді. «Тыл ардагері» атақты құрметті теміржолшы. Мемлекеттік наградалар өте көп. Қызы Любовь Ивановна 1960 жылы Құсмұрында тұрады. София Петровна 29.09.2022 жылы Құсмырында қайтты.

Мені Құсмұрын дистанциясыннан жаңа жолға Державин-Есіл-Арқалық бастығы Айтпаев Оразбай Айтпаевич аға шебер, одан кейін инженер бол деп көшіріп әкелді, мен  жұмыс істедім. Жұбайым, Нүрпеисова Балғалым темір жолға қатаң қарады. Әділ жұмыс істеді. Мынадай уақытты жағдай болды Есілден, Арқалыққа шыққан поездың орта кезінде вагонның астына іліккен сүйретілген сым осы теміржол поезі 105 шақырым станция Державин настилдің шпалын сүйретіп ала кетті мұны көрген Нүрпетсова Балғалым тез поезді тоқтатып мастер ж.д. Мұратов Балғабек бригадасы келіп вагонның астынан екі шпалды суырып алып поезді әрі қарай жіберді. Переездің настилі жөнделді.

Барлық коллектив бригада Нүрпеисова Балғалымға рахмет айтты Қай жерде адал еңбек істесенжол өндірістің құрметті аодагері баласын міне мен Нүрпеисов Сабырхан Уәлиұлы зейнетке шыққасында қарап отырмадым. Халық Т.Ж. пенсионерлері мен ст.Державин ашық дауыспен жиналыста ақысыз тегін бастауыш ардагерлер ұйымына төраға болып сайлады. 22 жыл абыройы жұмыс істеймін жасым 85-те коллектив, халық, әкім, бәріде сыйлайды. Мен Құсмырын станциясының құрдасымын, екеумізде 85 жастамыз.

Мені Қазақстан теміржолы атынан Қостанай Т.Ж. мекемесі Құсмырын станциясына орталық Т.Ж. тойына 06.08.2020 жылы шақырды. Мен требунада халықты Т.Ж. тойымен құттықтадым, бата бердім. Маған шапан жапты, бас киім және шағын сыйлық берді. 8 кигіз үй құрыпты қазақтын кен дастарханың тағамдары, жеміс-жидек, қазы-қарта, ән-күй болды.

Сабырхан Уәлиұлы Нүрпеисов.

Ресми бөлім

22.12.2023, 09:09 Мүмкіндігі шектеулі адамдарға қолжетімді орта құру Халықтың аз қозғалатын топтары мен мүмкіндігі шектеулі жандар үшін әлеуметтік…
17.11.2023, 04:39 Сотты құрметтемеу. Бұл нені білдіреді және ол қандай жазаны білдіред? Әкімшілік құқық бұзушылық, азаматтық, қылмыстық істер туралы істерді сот талқылауыбарысында…
17.11.2023, 04:14 «Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі Көрсетілетін қызметті беруші: «Жарқайың ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар…
23.10.2023, 11:40 Мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділікті қамтамасыз етпеу бойынша жауапкершілік Қазіргі қоғамда «мүгедектік» мағынасы адам үшін қоғаммен «әлеуметтік иеліктен шығарылған»…
13.02.2023, 04:08 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Соңғы жылдары Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте белсенді қызмет байқалды.…
27.01.2023, 10:27 Темір жолдардағы үй малы «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы «Акционерлік қоғамының филиалы «Қостанай магистральдық…