Бар күшімен еңбек еткен жан
Ракия Насибуллина 1952 жылы 17 ақпанда Башқұртсанда дүниеге келді. Үйінде күнде сүт болатын. Бұл елде «мүйізді асыраушы» атты наным- сенім болатын. Содан болу керек Рақия апаның бүкіл өмір жолы сүтпен байланысты. 1981 жылы Жарқайың ауданы Донско е ауылына көшіп келгеннен кейін 30 жыл өмірін мал шаруашылығымен байланыстырды. Айтуға жеңіл болғанмен бұл істің астында үлкен қажырлы күш жатыр. Күн демей түн демей, ай сайын, жыл сайын төрт түлікті бағу оңай шаруа емес. Əрі бітпейтін жұмыс. Қораздың оятуымен таң атпай тұрып, малдың соңынан тек түн батқанда үйге кіреді. Балаларына да көңіл бөлуге уақыт таппайтын кездері болды. Əрі үй шаруашылығы, келіндік міндеттері бар. Тек бала кезінен физикалық құмыстарға қабілетті жандар ғана мұндай жұмыстарға шыдас бере алады. Рақия Насибуллина балаларын кішкентай жасынан бастап, еңбекке үйрететін отбасында туып өсті. Жеке шаруашылығында сиыр ғана емес, өзге де үй жануарларын ұстады. Жаз айларында демалмастан мал азығын дайындап, бау-бақша егіп, картоп жинап еңбек етті. Рақия апаның өмірі түрлі оқиғаларға толы болмасада, осы жылдары ішінде өзінің сүйікті кəсібін тапты. Сыртқа шыққанның өзінде үйдегі бұзауларын сағынатын. Қазір зейнетке шықс ада үйдегі сиырларын с ауып, ауыл тұрғындарын ыстық сүтпен, бал қаймағымен қамтамасыз етіп отыр. Оның қанша тонна сүт сауып, күш-жігерін есептеу мүмкін емес. Оның күйеуі Фильгат Мунирұлы бұқа өсірумен айналысқан. Бүгінде шаруа қожалығында механизатор болып жұмыс істейді. Рақия Насибуллинамен сөйлесе отырып, оның осындай қиын кезеңдеі бастан кешірседе, əліде тың екенін байқауға болады. Себебі, еңбектін наны тəтті дегендей, бар күшімен еңбек етіп, адал напақасын тауып, отбасына, ауылына аянбай қызмет етті. Бүгінде бұл кісі жас ұрпаққа үлгі .
«Жарқайың ауданы Костычев ауылдық округінің əкімінің аппарты» ММ бас маманы Гүлсім Қалиева.