Ауылдың жанашыры Роза Васильевна
1958 жылы 1 мамырда Удмуртия Республикасының Ижевск қаласында дүниеге келген.
1959 жылы ата-анасы тың жерлерді игеру үшін Қазақстанға келді. Роза Васильевна негізінен Атбасар ауданында, М. Горький совхозында тұрып, мектепті бітірді.
1976 жылы Уфа қаласындағы мұнай-химиктер училищесін тәмәмдайды.
Оқудан кейін Қостанай облысы Қарасу ауданы Жамбыл совхозында тұрып, жұмыс істеді. Онда бригадир, есепші болып жұмыс атқарды. Дала бригадасының қатарында болды.
1981 жылы Торғай облысы Жарқайың ауданы Қарасу қойшаруашылығына (қазіргі Ақмолао блысы Жарқайың ауданы Үшқарасу ауылы) көшіп келді. Мұнда ол Қарасу мектебінде бастауыш сынып тәрбиешісі, кітапханашы, көп ұзамай совхоз клубының меңгерушісі болып жұмыс істеді.
1997 жылы Арқалық ауылшаруашылық техникумын агроном мамандығы бойынша бітірді.
Роза Васильевна қазіргі уақытта Үшқарасу ауылында тұрады, лайықты еңбек демалысында. Қарасу негізгі мектебінде би үйірмесімен айналысады. Үйірмеден бос уақытында би костюмдерін тігумен шұғылданады. "Журавушка" вокалдық тобында өнер көрсетеді.
Роза Васильевна шынымен де бес саусағынан бал тамған, шебер адам. Оның артында мектеп қабырғасындағы көпжылдық жұмысы бар. Роза Васильевна бүгінде мектеп деп өмір сүріп, мектеп үшін жанын салып тұрады. Ол үнемі балаларға жәрдемші. Онсыз бірде-бірмереке, бірде-бір іс-шара өткен емес.
Балалармен музыканы түсінуге және сезінуге үйренетін жаңа билерді үйрету арқылы белсенді жаттығулар жасайды.
Бишілерге костюмдермен көйлектеріді өз қолымен тігеді. Бай қиял, талғам және стиль сезімі оған ертегі киімдерін жасауға мүмкіндік береді.
Роза Васильевнаның ең жақсы көретін заты ол - гүлдер. Мектепте жұмыс істеген кезінде ол кішкентай мектепте 400 құмыра гүл өсірді. Көктемнен күздің аяғына дейін оның жеке учаскесі нағыз оазис болып табылады. Аула жайлылық пен сұлулыққа толады. Роза апай өзінің маңдай терімен, еңбегімен, ауылға деген жанашырлығымен көпшілкке үлгі жандардың бірі.
"Жарқайың тынысы" газетінің редакторы Б.Айтпаева.