г. Державинск
ул. М. Габдуллина, 101/5

Президенттікке кандидат Салтанат Тұрсынбекова: 200-дей азаматтың қолын өзім жинадым

Президенттіктен үміткер Салтанат Тұрсынбекованың кандидатурасын Орталық сайлау комиссиясында тіркетуге қажетті дауыс жинау үшін өзі де ел арасына шыққанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әуелі ол өзін президент сайлауына кандидат ретінде ұсынған «Қазақ аналары – дәстүрге жол» республикалық қоғамдық бірлестігіне алғыс білдіріп, сенімдерін ақтайтынын жеткізді.

«Мен президент сайлауына үміткер ретінде соңғы күні құжат өткізгенімізді білесіздер. Оған дейін өңірлердің бәрін аралап, менің кандидатурамды ұсынған аналардың бәрімен кездесіп, шалғайдағы ауылға дейін барып, «Мен шынында да да лайықпын ба» деген сұраққа жауап іздедім. Содан кейін барып мен құжат тапсыру туралы шешім қабылдадым», - деді ол ОСК кулуарында.

Үміткер өзін кандидат ретінде тіркеуге қажет дауысты негізінен «Қазақ аналары – дәстүрге жол» республикалық қоғамдық бірлестігінің жергілікті филиалдары жинағанын атап өтті.

«Бұл ұжымның біздің 20 өңірде филиалдары бар. Ауылдағы аналар, аталар, әкелер ұйымдары, жас азаматтар бәрі мені танығаннан кейін қол жинауға үлкен үлес қосты. Әрине, менің өзімнің де парақты алып, дауыс жинауға шыққан кездерім болды. Штабтағы үйлестіру жұмысына көңіл көбірек бөлгеннен кейін бір 200-дей қол жинадым», - деді Салтанат Тұрсынбекова.

Еске салсақ, ОСК Салтанат Тұрсынбекованың кандидатурасын мақұлдаған еді.

Ресми бөлім

09.07.2024, 05:57 Халықтың кредиттелуін төмендету мақсатында ауданда қаржылық сауаттылығын арттыру Бұдан бұрын әлеуметтік желілерде және «Целинное знамя» газетінде халықтың кредиттелуін…
22.12.2023, 09:09 Мүмкіндігі шектеулі адамдарға қолжетімді орта құру Халықтың аз қозғалатын топтары мен мүмкіндігі шектеулі жандар үшін әлеуметтік…
17.11.2023, 04:39 Сотты құрметтемеу. Бұл нені білдіреді және ол қандай жазаны білдіред? Әкімшілік құқық бұзушылық, азаматтық, қылмыстық істер туралы істерді сот талқылауыбарысында…
17.11.2023, 04:14 «Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі Көрсетілетін қызметті беруші: «Жарқайың ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар…
23.10.2023, 11:40 Мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділікті қамтамасыз етпеу бойынша жауапкершілік Қазіргі қоғамда «мүгедектік» мағынасы адам үшін қоғаммен «әлеуметтік иеліктен шығарылған»…
13.02.2023, 04:08 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Соңғы жылдары Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте белсенді қызмет байқалды.…