г. Державинск
ул. М. Габдуллина, 101/5

Сайлау: Мемлекеттік тілден емтихан тапсырған кандидаттар қандай нәтиже көрсетті

АСТАНА. ҚазАқпарат – Лингвистикалық комиссия өкілдері ҚР Президенттігіне үміткер кандидаттардың мемлекеттік тілден тапсырған емтиханының қорытындысын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 «ҚР Президенттігіне үміткерлердің мемлекеттік тілді қаншалықты меңгергенін анықтайтын линвистикалық комиссияның құрамына көрнекті лингвист ғалымдар, профессорлар, академиктер, филология ғылымдарының докторлары және ішінде филология ғылымының бір кандидаты бар. Комиссия мүшелері алқалы талдау өткізіп содан кейін ғана шешім қабылдады. Емтихандар әділдік пен шынайылықты сақтай отырып, тең құқылы негізде жүзеге асты. Кандидаттардың емтиханға дайындалуына, комиссия алдында жауап беруіне қажетті жағдай толық жасалды. «Ауыл» партиясының атынан түскен [Жигули Дайрабаев] азаматта қате өте аз болды. Өйткені, тілі жүйрік екен. Ол ауылда туып-өскен азамат болғаннан кейін барлық тақырыпта таза сөйлеп, ойын еркін жеткізді. Мысалы, әйел кандидаттардың ішінде де ондай азаматтарды байқадық. Ой-өрісі кең, ойын анық жеткізе алады. Біз тек емле қателерін ғана емес, олардың тәжірибесін, ана тіліне деген сүйіспеншілігін, тақырыпты аша білуін жан-жақты талдай отырып бағаладық», - деді лингвистика комиссиясының төрағасы Әділ Ахметов.

Сонымен қатар, лингвистикалық комиссия мүшесі Анар Фазылжанова емтихан тапсырған бүкіл үміткерде емле қателері болғанын атап өтті.

«Жасыратыны жоқ, үміткерлердің ішінде бір де бір емле қатесін жібермей мәтін жазғаны болған жоқ. Бұл үміткерлеріміздің жазу дағдысының осалдығын білдірмейді. Бұл жазу коммуникациясының тілдің ең күрделі саласы екенін білдіреді», - деді Анар Фазылжанова.

Айта кетейік, бұған дейін құжат тапсырған 12 кандидаттың 8-і мемлекеттік тіл сынағынан өтіп, барлығы қазақ тілін еркін меңгергенін растады.

Ал халықтық коалиция атынан ұсынылған Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Конституциялық Заңының 54-бабы 2-тармағына сәйкес, мемлеттік тілден емтихан тапсырмайды.

Сонымен қатар, бүгін Орталық сайлау комиссиясы құжат тапсырған 3 кандидатты тіркеуден бас тартты. Жауапты орган мәліметінше, олардың кандидатурасы заң талаптарына сай келмейді.

Ресми бөлім

09.07.2024, 05:57 Халықтың кредиттелуін төмендету мақсатында ауданда қаржылық сауаттылығын арттыру Бұдан бұрын әлеуметтік желілерде және «Целинное знамя» газетінде халықтың кредиттелуін…
22.12.2023, 09:09 Мүмкіндігі шектеулі адамдарға қолжетімді орта құру Халықтың аз қозғалатын топтары мен мүмкіндігі шектеулі жандар үшін әлеуметтік…
17.11.2023, 04:39 Сотты құрметтемеу. Бұл нені білдіреді және ол қандай жазаны білдіред? Әкімшілік құқық бұзушылық, азаматтық, қылмыстық істер туралы істерді сот талқылауыбарысында…
17.11.2023, 04:14 «Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі Көрсетілетін қызметті беруші: «Жарқайың ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар…
23.10.2023, 11:40 Мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділікті қамтамасыз етпеу бойынша жауапкершілік Қазіргі қоғамда «мүгедектік» мағынасы адам үшін қоғаммен «әлеуметтік иеліктен шығарылған»…
13.02.2023, 04:08 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Соңғы жылдары Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте белсенді қызмет байқалды.…