г. Державинск
ул. М. Габдуллина, 101/5

Қазақстан ардагерлер қауымдастығы президенттікке кандидатты ұсынды

Бұл туралы бүгін елордада өткен Қазақстан ардагерлер қауымдастығының отырысы барысында белгілі болды, деп мәлімдейді BAQ.KZ тілшісі.

Күн тәртібінде Ауған соғысы ардагерлері ұйымдарының жетекшілері қауымдастық атынан ел Президенттігіне кандидат ұсыну мәселесін талқыға салды.

Әлемдік аренада зор беделге ие ұлдар осы елді жаһан жұртшылығына сыйлы етті. Қазақстанның халықаралық күн тәртібінің үлкен мәселелерінде ұлттық мүддемізге сай ұстанымды үлгі етемін. Бүгінде біз тағы сынақ алдында тұрмыз. Мұнда қазақ мемлекетінің күш-қуаты, халықтың бірлігі сыналады. Осы шақта дауылдың аласапыранынан, хас жаулардың апатынан, алдағы 7 жыл бойы азат Қазақстанды аман болып өтетін көшбасшы қажет. Ардагерлеріміздің байқауынша, мұндай тұлға елімізде бар. Ардагерлер қауымдастығы Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын Қазақстан Республикасының президенттігіне ұсыну туралы шешім қабылдадық, - деп атап өтті Ардагерлер қауымдастығының төрағасы Бақытбек Смағұл.

Айтуынша, қауымдастық өкілдері Мемлекет басшысы әділетті Қазақстанды құру туралы идеясын жүзеге асыратындығына риясыз сенеді.

Алдағы сайлауда Қазақстан халқы ынтымақ пен бірлікті ту етіп, бір үйдің баласындай жұмыла қатысады деген үміттеміз, - деді қауымдастық басшысы.

https://baq.kz/qazaqstan-ardagerler-qauymdastygy-prezidenttikke-kandidatty-usyndy-288819/

Ресми бөлім

09.07.2024, 05:57 Халықтың кредиттелуін төмендету мақсатында ауданда қаржылық сауаттылығын арттыру Бұдан бұрын әлеуметтік желілерде және «Целинное знамя» газетінде халықтың кредиттелуін…
22.12.2023, 09:09 Мүмкіндігі шектеулі адамдарға қолжетімді орта құру Халықтың аз қозғалатын топтары мен мүмкіндігі шектеулі жандар үшін әлеуметтік…
17.11.2023, 04:39 Сотты құрметтемеу. Бұл нені білдіреді және ол қандай жазаны білдіред? Әкімшілік құқық бұзушылық, азаматтық, қылмыстық істер туралы істерді сот талқылауыбарысында…
17.11.2023, 04:14 «Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі Көрсетілетін қызметті беруші: «Жарқайың ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар…
23.10.2023, 11:40 Мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділікті қамтамасыз етпеу бойынша жауапкершілік Қазіргі қоғамда «мүгедектік» мағынасы адам үшін қоғаммен «әлеуметтік иеліктен шығарылған»…
13.02.2023, 04:08 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Соңғы жылдары Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте белсенді қызмет байқалды.…