г. Державинск
ул. М. Габдуллина, 101/5

Ақмолалықтар Қазақстан халқының бірлігі күнін кеңінен атап өтті

 

Бүгін Абылайхан алаңы нағыз достық пен бірліктің символына айналды. Ұлттық киім киген  көпшілік, көкке желбіреген көк ту, жанды музыка мен күмбірлеген күй – бәрі де елдегі этностар арасындағы жарасымды өмірдің көрінісі іспетті. Бұл Көкшетаулықтар мен қала қонақтары Қазақстан халқының бірлігі күнін кең көлемде атап өткенінің дәлелі.

Бұл жай ғана мереке емес. Бұл  татулық пен өзара түсіністіктің, әртүрлі мәдениеттің бір арнада тоғысып, біртұтас ел бола алғанынның айғағы. Мерекеге келген әр адамның жүзінен қуаныш пен мақтаныш сезімі байқалды. Мерекелік шара барысында Ақмола облысы әкімінің орынбасары Досұлан Айтбаев барша жұртты айтулы күнмен құттықтап, бірлік пен ынтымақтың ел дамуындағы маңызына тоқталды.

«Ұлттық бірлік – баға жетпес байлығымыз, мемлекеттігіміздің берік іргетасы. Бүгінгі мереке еліміздегі көпұлтты қоғамның біртұтастығын паш ететін, ортақ мұраттарға деген адалдықты айқындайтын ерекше күн. Біз бәріміз бір шаңырақтың, бір тағдырдың, бір болашақтың адамымыз», – деді әкім орынбасары.

Іс шара барысында «Бірлік» спорттық жарысының қатысушылары  алаңға салтанатты түрде кіріп, көрермендерге ерекше әсер сыйлады. Этномәдени орталықтардың өкілдері, студенттер, оқушылар және қоғам белсенділері қатысқан бұл шара  ел ішіндегі достық пен өзара құрметтің нақты көрінісі болды.

Салтанатты жиын барысында ел бірлігін нығайтуға үлес қосып жүрген бірқатар ақмолалық азаматтар арнайы марапаттар мен мерейтойлық төсбелгілерге  ие болды. Солардың бірі – қоғам қайраткері, Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының ардагері Мейрамбек Қиықов.

«Бұл марапат мен үшін үлкен жауапкершілік. Еңбегімді елеген ел азаматтарына алғысым шексіз. Қазақ тілі мен мәдениетін дәріптеу, елдің татулығын сақтау әрбіріміздің азаматтық парызымыз», – деді ардагер толқыныспен.

Мерекелік шарада түрлі ұлт өкілдерінің әні мен биі көрермендерді тәнті етті. «Гәкку», «Көкшетау», «Сувенир», «Қазына» сынды халықтық ансамбльдер мен өнер ұжымдарының өнері арқылы еліміздің бай мәдени келбеті айқын көрінді. Мерекелік көңіл күйге бөленген қала тұрғындары да іштегі толқыныс пен қуанышты жасырмады.

«Бұл мерекеде тек ән-күй емес, адамдар арасындағы шынайы жылылық сезіледі. Әр ұлт өз өнерін паш етіп, бір-бірін құрметпен қарсы алады. Нағыз достық осындай болады», – дейді қала тұрғыны.

Мерекенің  ерекшелігі биыл Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығымен тұспа-тұс келуі. Бұл тарихи құрылымның ел бірлігін сақтаудағы орны ерекше екенін көпшілік тағы бір мәрте сезінді.

Шара соңында барлық өнерпаздар мен жүргізушілер сахна төріне шығып, «Қазақстан – алтын ұям, бесігім» әнін орындады. Көк тудың астында тоғысқан сан ұлт өкілі бір дауыспен болашаққа деген үмітін, елге деген сүйіспеншілігін жеткізді.

Айта кетейік, бүгінде Ақмола облысында 48 этномәдени бірлестік жұмыс істейді. Олар 100-ге жуық этнос өкілдерінің өзара татулығын нығайтып, ортақ мүдде жолында еңбек етуде. 

 

Ақмола облысы ауыл шаруашылығы санағына дайындалып жатыр

2025 жылы Қазақстан ауқымды статистикалық науқанға – ұлттық ауыл шаруашылығы санағына дайындалып жатыр. Бұл маңызды шара алдағы жылдары аграрлық саланың қалай дамитынына тікелей әсер етпек. Әсіресе, ел халқының жартысынан астамы ауыл шаруашылығымен айналысатын Ақмола облысы үшін бұл санақтың маңызы ерекше.

Санақтың басты мақсаты – елдің ауылдық аймақтарында нақты не болып жатқанын шынайы әрі толық көрсету. Атап айтқанда  ауылда кім  қандай шаруамен айналысады, кімнің қанша жері, техникасы, малы бар, қандай мәселелері бар және мемлекеттік қолдауды кімге қалай бағыттау қажет екенін анықтау мақсатында.

Бірінші кезең 2025 жылдың маусым айында басталады. Бұл кезде интервьюерлер алдын ала дайындық жүргізіп, ауыл тұрғындарымен жұмысқа кіріседі. Негізгі кезең – 20 қыркүйек пен 20 қазан аралығында өтеді. Бұл кезеңде ірі ауыл шаруашылығы кәсіпорындарынан бастап, шағын шаруашылықтарға дейін түгел қамтылады.

Азаматтарға деректерді тапсырудың екі жолы ұсынылады: sanaq.gov.kz порталында онлайн түрде немесе интервьюер арқылы.

Бүгінде өңірде жұмыс топтары құрылып, қызметкерлерге оқыту жұмыстары жүргізілуде. Пилоттық сауалнамалар санақ жүйесінің кең ауқымды жұмысқа дайын екенін көрсетті. Ұйымдастырушылар атап өткендей, барлық дерек құпия сақталады, ал санаққа қатысу – әр азаматтың ауыл болашағына қосқан үлесі.

Ақмола облысының аудандарында санақшылар  жұмысын қамтамасыз ету, техникалық жабдықтау, көлікпен қамту, нақты мекенжайларды анықтау, сауалнама жүргізуге қолайлы орындарды белгілеу сияқты жұмыстар атқарылып жатыр.

Бұл сөздер тек ұран ғана емес – өмір шындығы. Аграрлық сала – еліміздің экономикасы мен азық-түлік қауіпсіздігінің негізі. Сондықтан бұл саланың артында нақты адамдар, еңбеккерлер, отбасылар тұр. Солардың үні естіліп, еңбегі бағалануы үшін дәл осындай санақ маңызды.

Қазір ауыл тұрғындары бұл бастаманы бұрынғыдай формалдылық емес, өз өмірін, мәселесін, еңбегін көрсетуге мүмкіндік ретінде қабылдай бастады. Ал бұл – ауылдың шынайы келбетін айқындауға жасалған үлкен қадам.

Ресми бөлім

09.07.2024, 05:57 Халықтың кредиттелуін төмендету мақсатында ауданда қаржылық сауаттылығын арттыру Бұдан бұрын әлеуметтік желілерде және «Целинное знамя» газетінде халықтың кредиттелуін…
22.12.2023, 09:09 Мүмкіндігі шектеулі адамдарға қолжетімді орта құру Халықтың аз қозғалатын топтары мен мүмкіндігі шектеулі жандар үшін әлеуметтік…
17.11.2023, 04:39 Сотты құрметтемеу. Бұл нені білдіреді және ол қандай жазаны білдіред? Әкімшілік құқық бұзушылық, азаматтық, қылмыстық істер туралы істерді сот талқылауыбарысында…
17.11.2023, 04:14 «Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі Көрсетілетін қызметті беруші: «Жарқайың ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар…
23.10.2023, 11:40 Мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділікті қамтамасыз етпеу бойынша жауапкершілік Қазіргі қоғамда «мүгедектік» мағынасы адам үшін қоғаммен «әлеуметтік иеліктен шығарылған»…
13.02.2023, 04:08 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Соңғы жылдары Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте белсенді қызмет байқалды.…