г. Державинск
ул. М. Габдуллина, 101/5

Ақмола облысында жылумен жабдықтау нысандары жаңартылып жатыр

 

Сенімді және үздіксіз жылумен жабдықтау өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы басымдықтардың бірі. Ақмола облысында жылумен жабдықтау нысандарын жөндеу, жаңғырту және салуға шамамен 40 миллиард теңге бағытталды. Бұл қаражат республикалық және облыстық бюджеттерден, үкіметтің резервтерінен, сондай-ақ жеке инвестициялар есебінен бөлінді.

Жүргізілген жұмыстар ауқымды. Өңір бойынша 30 шақырымнан астам жылу желілері жөнделіп, жаңа учаскелер салынды. Сондай-ақ қазандықтардың жабдықтары жаңартылды.

Негізгі басымдық  инфрақұрылымы тозған елді мекендерге аударылды. Көкшетау қаласында жылу желілері, қазандықтар және күл сақтау орнының жаңғыртылуы толық аяқталды. Степногорск қаласында ЖЭО-ның негізгі жабдықтары жөнделіп, жылу трассалары толық жаңартылды. Атбасарда орталық қазандық пен жылу желілерін қайта құру бойынша екі ірі жоба іске асырылуда. Бұл жобалар бірнеше жылға жоспарланған және 2026 жылы аяқталмақ.

«Өңірді жылумен қамтудың негізгі қызметін Степногорск жылу электр орталығы атқарады. 60-жылдары салынған бұл станция  әлі күнге дейін негізгі энергия көзі болып отыр. Жабдықтардың тозуына қарамастан, барлық негізгі турбиналар мен қазандықтарға күрделі жөндеу жүргізілді. №5 қазандыққа қатысты қалған жұмыстар 2025 жылдың жазында аяқталады деп жоспарланып отыр. Жаңғыртудың арқасында ЖЭО 21 мыңнан астам абонентті тұрақты жылумен қамтамасыз етіп отыр», – деді Ақмола облысы әкімінің орынбасары Ернар Жаркешов.

Жұмыстар тек қалаларда ғана емес, ауылдық жерлерде де жүргізілуде. Мысалы Балкашино ауылында қазандық жаңғыртылып, оның қуаты арттырылып, жаңа жылу желілері тартылуда. Красный Яр ауылында жаңа блокты-модульді қазандықтың құрылысы басталды. Энергетика саласындағы жаңартулар Щучинск қаласын да қамтыды. Ол жерде жылу жаңа тұрғын үйлерге жеткізілді.

Барлық нысандар қажетті қаржымен қамтамасыз етіліп, кестеге сәйкес жүзеге асырылуда.

Өңір үшін үлкен серпіліс болатын жоба — Көкшетауда жаңа жылу электр орталығының салынуы. Жоба Қазақстан мен Ресей арасындағы үкіметаралық келісім аясында жүзеге асырылуда. Қазірдің өзінде жобалау және инженерлік ізденістер аяқталып, барлық құжаттар рәсімделіп, техникалық шарттар алынған. Алдағы жылдары Көкшетау заманауи жылу электр орталығына ие болып, қаланың тұрақты жылумен қамтамасыз етілуін және жаңа тұрғын аудандардың дамуын қамтамасыз етеді.

Ресми бөлім

09.07.2024, 05:57 Халықтың кредиттелуін төмендету мақсатында ауданда қаржылық сауаттылығын арттыру Бұдан бұрын әлеуметтік желілерде және «Целинное знамя» газетінде халықтың кредиттелуін…
22.12.2023, 09:09 Мүмкіндігі шектеулі адамдарға қолжетімді орта құру Халықтың аз қозғалатын топтары мен мүмкіндігі шектеулі жандар үшін әлеуметтік…
17.11.2023, 04:39 Сотты құрметтемеу. Бұл нені білдіреді және ол қандай жазаны білдіред? Әкімшілік құқық бұзушылық, азаматтық, қылмыстық істер туралы істерді сот талқылауыбарысында…
17.11.2023, 04:14 «Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі Көрсетілетін қызметті беруші: «Жарқайың ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар…
23.10.2023, 11:40 Мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділікті қамтамасыз етпеу бойынша жауапкершілік Қазіргі қоғамда «мүгедектік» мағынасы адам үшін қоғаммен «әлеуметтік иеліктен шығарылған»…
13.02.2023, 04:08 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Соңғы жылдары Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте белсенді қызмет байқалды.…