Мемлекет басшысы өз Жолдауында «Бұқаралық ақпарат құралдары бәсекеге қабілетті және еркін болуы керек. Бұл қағидат қазір кез келген өркениетті ел үшін айрықша маңызды. Отандық ақпарат құралдарының елімізде, әлемде болып жатқан оқиғаларға байланысты өз көзқарасы болу керек. Еліміздің ақпараттық қауіпсіздігі, идеологиялық дербестігі осыған тікелей байланысты»,-деп атап өтті.Ақпарат қашанда адамзатқа ауадай қажет. Әлбетте, БАҚ өзекті мәселелерді көтере алады және көтеруге міндетті. Бірақ Президент атап өткендей, үлкен азаматтық жауапкершілікпен атқаруы тиіс. Біздер адамдардың ақыл-ойы мен жүрегіне әсер етуіміз керек. Бір қуанғанымыз, БАҚ туралы заңға өзгерістер енгізу қажеттігі сөз болды. Мұны енді барша қалам ұстаған қауымның күтіп жүргені анық. Демократиялық қайта құру тәуелсіз және жауапты БАҚ-тарсыз мүмкін емес. Бұл сала арқылы бүгінгі таңда тек қана ақпарат таратылмайды, сонымен қатар идеология жүргізілетіні де жасырын емес. Бәсекеге қабілетті болу үшін болашақ журналистерге қойылатын талап та жоғары болуы тиіс. Соңғы жылдары педагогикалық мамандықтардың мәртебесін жоғарылату үшін болашақ мұғалімдерге мемлекет тарапынан көптеген қолдаулар көрсетілді. Біз бәріміз бірге жаңа Қазақстанды құрып жатырмыз және бүгінгі күні бұл сөздің күші зор екенін түсінуіміз керек. БАҚ өз жұмысын қайта құруы керек. Мемлекет басшысы да БАҚ туралы заңды өзгерту туралы ұсыныс енгізілетінін айтты. Яғни, бізде жаңа құжат болады және бәріміз оған сәйкес жұмыс істеуіміз болуымыз керек.Мемлекетімізде соңғы кездерде болып жатқан өзгерістерге қарап біз өзіміздің ерекше бір сындарлы шақта өмір сүріп жатқанымызды сеземіз.Әрине, жаңарған қоғамды құру, оны жетілдіріп отыру – Ел басшылары үшін ең ауыр міндет дер едім. Қазіргі кезде саяси реформалар жан-жақты жүргізіліп жатыр. Сайлау жүйесі де біраз жаңарды. Соның негізінде биылғы өткен Парламенттік сайлауда 6 партия өз өкілдеріне сенім арта білді. Олардың халықтың сенімді уәкілдері бола алатынына біз де сенеміз.