г. Державинск
ул. М. Габдуллина, 101/5

Мәжіліс депутаттығына 7 партиядан 283 кандидат бәсекелес болады

Мәжіліс депутаттығына 7 партиядан 283 кандидат бәсекелес болады

АСТАНА. ҚазАқпарат – 19 наурызда өтетін кезектен тыс Мәжіліс сайлауында 7 партиядан 283 адам партиялық тізім арқылы 69 мандат үшін бәсекеге түседі. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Кеше, 8 ақпан күні сағат 18-00-де барлық өңірде Парламент Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттығына кандидаттарды ұсыну аяқталды. Орталық сайлау комиссиясы сайлауға барлық 7 саяси партияны жіберді», - деді ол комиссия отырысында.

Оның дерегінше, барлық 7 саяси партия Мәжіліс сайлауына қатысу үшін 283 кандидаттан тұратын партиялық тізімін Орталық сайлау комиссиясына ұсынған.

«Саяси партия партияға мүше болмаған тұлғаны тізімге қосуға құқығы жоқ екендігін еске салғым келеді. Партиялық тізімге қосылған тұлғалар саны саяси партиялар араксында бөлінетін депутаттық мандаттың белгіленген санынан 30 пайызға асып кетпеуі тиіс. Бұл ары кеткенде 90 адам, одан төмен де болады. Партиялар партиялық тізім саны қанша болатындығын дербес анықтады», - деді Константин Петров.

Сонымен Мәжіліс сайлауына 7 саяси партия қатысады. Оның ішінде партиялық тізім арқылы Қазақстан халық партиясынан - 52, Ақ жол партиясынан - 54, Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясынан – 19, «Байтақ» жасылдар партиясынан» - 18, «Ауыл» партиясынан – 25, Respublica партиясынан – 25, AMANAT партиясынан – 90 кандидат. Кандидаттардың жалпы саны – 283. Орталық сайлау комиссиясына кандидаттардың атынан тапсырылған құжаттар «Сайлау туралы» Конституциялық заңға сай келеді.

https://www.inform.kz/kz/mazhilis-deputattygyna-7-partiyadan-283-kandidat-basekeles-bolady_a4033714

Ресми бөлім

09.07.2024, 05:57 Халықтың кредиттелуін төмендету мақсатында ауданда қаржылық сауаттылығын арттыру Бұдан бұрын әлеуметтік желілерде және «Целинное знамя» газетінде халықтың кредиттелуін…
22.12.2023, 09:09 Мүмкіндігі шектеулі адамдарға қолжетімді орта құру Халықтың аз қозғалатын топтары мен мүмкіндігі шектеулі жандар үшін әлеуметтік…
17.11.2023, 04:39 Сотты құрметтемеу. Бұл нені білдіреді және ол қандай жазаны білдіред? Әкімшілік құқық бұзушылық, азаматтық, қылмыстық істер туралы істерді сот талқылауыбарысында…
17.11.2023, 04:14 «Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі Көрсетілетін қызметті беруші: «Жарқайың ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар…
23.10.2023, 11:40 Мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділікті қамтамасыз етпеу бойынша жауапкершілік Қазіргі қоғамда «мүгедектік» мағынасы адам үшін қоғаммен «әлеуметтік иеліктен шығарылған»…
13.02.2023, 04:08 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Соңғы жылдары Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте белсенді қызмет байқалды.…