г. Державинск
ул. М. Габдуллина, 101/5

Елімізде 14 мың адам депутат болғысы келеді

Елімізде 14 мың адам депутат болғысы келеді

АСТАНА. ҚазАқпарат – 19 наурызда өтетін кезектен тыс Мәжіліс пен барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттығына 14 мыңнан астам кандидат ұсынылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мәжіліс депутаттығына 7 партиядан партиялық тізіммен 283 кандидат ұсынылып отыр. Мәжіліске мажоритарлық округ бойынша жалпы саны - 609 кандидат. Барлық деңгейдегі мәслихаттар бойынша 119 партиялық тізім болды. Аталған тізімде 1 471 кандидат бар. Мажоритарлық округтер бойынша мәслихаттарға - 11 844 кандидат. Жалпы есепті қарайтын болсақ, Мәжіліс пен мәслихаттар бойынша 14 207 кандидат ұсынылды», - деді Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров бүгін комиссия отырысында.

Айта кетейік, Мәжіліс сайлауына 7 саяси партия қатысады.

Оның ішінде партиялық тізім арқылы Қазақстан халық партиясынан - 52, Ақ жол партиясынан - 54, Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясынан – 19, «Байтақ» жасылдар партиясынан» - 18, «Ауыл» партиясынан – 25, Respublica партиясынан – 25, AMANAT партиясынан – 90 кандидат. Кандидаттардың жалпы саны – 283. Орталық сайлау комиссиясына кандидаттардың атынан тапсырылған құжаттар «Сайлау туралы» Конституциялық заңға сай келеді.

https://www.inform.kz/kz/elimizde-14-myn-adam-deputat-bolgysy-keledi_a4033739

Ресми бөлім

09.07.2024, 05:57 Халықтың кредиттелуін төмендету мақсатында ауданда қаржылық сауаттылығын арттыру Бұдан бұрын әлеуметтік желілерде және «Целинное знамя» газетінде халықтың кредиттелуін…
22.12.2023, 09:09 Мүмкіндігі шектеулі адамдарға қолжетімді орта құру Халықтың аз қозғалатын топтары мен мүмкіндігі шектеулі жандар үшін әлеуметтік…
17.11.2023, 04:39 Сотты құрметтемеу. Бұл нені білдіреді және ол қандай жазаны білдіред? Әкімшілік құқық бұзушылық, азаматтық, қылмыстық істер туралы істерді сот талқылауыбарысында…
17.11.2023, 04:14 «Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі Көрсетілетін қызметті беруші: «Жарқайың ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар…
23.10.2023, 11:40 Мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділікті қамтамасыз етпеу бойынша жауапкершілік Қазіргі қоғамда «мүгедектік» мағынасы адам үшін қоғаммен «әлеуметтік иеліктен шығарылған»…
13.02.2023, 04:08 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Соңғы жылдары Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте белсенді қызмет байқалды.…