г. Державинск
ул. М. Габдуллина, 101/5

Amanat партиясы Орталық сайлау комиссиясына құжаттар өткізді

Amanat партиясы Орталық сайлау комиссиясына құжаттар өткізді

АСТАНА. ҚазАқпарат – Amanat партиясы 19 наурызда өтетін кезектен тыс Мәжіліс және мәслихаттар депутаттары сайлауына қатысты құжаттарды Орталық сайлау комиссиясына ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ОСК-ның құжаттарды қабылдау комиссиясының мүшелері Amanat партиясы өкілдері тапсырған әр құжатты жеке қарады. Ұсынылған құжаттар бойынша ескертулер болған жоқ.

«Біз бүгін Орталық сайлау комиссиясына Мәжіліс және мәслихаттар депутаттығына кандидаттардың құжаттарын тапсырдық. Amanat партиясының кеше өткен съезіне 2 мыңнан астам адам қатысты. Съезд нәтижесінде мәслихаттар депутаттығына 3821, ал Мәжіліске 119 үміткер ұсынылды. Сондай-ақ, съезд барысында Amanat партиясының алдағы мақсаттары мен қолға алынатын істер туралы нақтыланды», - деді Amanat партиясының атқарушы хатшысы Елнұр Бейсенбаев.

Айта кетсек, күні кеше Amanat партиясының кезектен тыс съезі өтті.

Аталған партия атынан Мәжіліс сайлауына 119 кандидат, мәслихаттар сайлауына 3821 кандидат қатысатын болды.

Өз кезегінде партия төрағасы Ерлан Қошанов Amanat-тың партиялық тізімі 75 пайызға жаңарғанын айтты.

Бұған дейін Respublica партиясының ОСК-на құжаттар тапсырғаны туралы хабарлаған едік.

https://www.inform.kz/kz/amanat-partiyasy-ortalyk-saylau-komissiyasyna-kuzhattar-otkizdi_a4033010

Ресми бөлім

09.07.2024, 05:57 Халықтың кредиттелуін төмендету мақсатында ауданда қаржылық сауаттылығын арттыру Бұдан бұрын әлеуметтік желілерде және «Целинное знамя» газетінде халықтың кредиттелуін…
22.12.2023, 09:09 Мүмкіндігі шектеулі адамдарға қолжетімді орта құру Халықтың аз қозғалатын топтары мен мүмкіндігі шектеулі жандар үшін әлеуметтік…
17.11.2023, 04:39 Сотты құрметтемеу. Бұл нені білдіреді және ол қандай жазаны білдіред? Әкімшілік құқық бұзушылық, азаматтық, қылмыстық істер туралы істерді сот талқылауыбарысында…
17.11.2023, 04:14 «Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі Көрсетілетін қызметті беруші: «Жарқайың ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар…
23.10.2023, 11:40 Мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділікті қамтамасыз етпеу бойынша жауапкершілік Қазіргі қоғамда «мүгедектік» мағынасы адам үшін қоғаммен «әлеуметтік иеліктен шығарылған»…
13.02.2023, 04:08 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Соңғы жылдары Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте белсенді қызмет байқалды.…