г. Державинск
ул. М. Габдуллина, 101/5

Ақмола облысында «Қыс 2022» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу өтуде

2022 жылғы 24-25 қараша аралығында Ақмола облысында "Қыс 2022" республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы жаттығуы аясында тактикалық арнайы оқу-жаттығулар басталды, деп хабарлайды ішкі саясат басқармасы.

Оқу-жаттығу азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің және халықтың қысқы кезең жағдайында төтенше жағдайларды жоюға әзірлігі мен қабілетінің деңгейін арттыру, азаматтық қорғау қызметтері мен құралымдарының қысқы кезеңдегі ТЖ-ға ден қоюға әзірлігін тексеру мақсатында жүргізіледі.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің ақпараты бойынша мұндай оқу-жаттығулар жыл сайын республиканың барлық облыстарында өтеді. Оқу-жаттығу жұмыстарын пысықтау мақсатында облыстың барлық қалалары мен аудандарында жедел штабтар құрылды.

Жаттығуға азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің басқару органдары, облыстық, қалалық және аудандық шұғыл ден қою жасақтары, авариялық-құтқару қызметтерінің құрамалары, ҚР ҰҰ 5510 әскери бөлімі және халықтың тіршілігін қамтамасыз етудің барлық объектілері тартылды.

Республиканские командно-штабные учения» Қыс 2022 " проходят в Акмолинской области

В период с 24 по 25 ноября 2020 года в Акмолинской области в рамках Республиканского командно-штабного учения «Қыс 2022» начались тактические специальные учения, передает управление внутренней политики.

Учения проводится в целях повышения уровня готовности и способности Государственной системы гражданской защиты и населения к ликвидации чрезвычайных ситуаций в условиях зимнего периода, проверки готовности служб и формирований гражданской защиты к реагированию на ЧС зимнего периода.

По информации областного Департамента по чрезвычайным ситуациям подобные учения ежегодно проходят во всех областях республики. В целях отработки учебных вводных во всех городах и районах области созданы оперативные штабы.

На тренировку привлечены органы управления государственной системы гражданской защиты, областные, городские и районные отряды экстренного реагирования, формирования аварийно-спасательных служб, воинская часть 5510 НГ РК и все объекты жизнеобеспечения населения.

 

 

 

 

Ресми бөлім

09.07.2024, 05:57 Халықтың кредиттелуін төмендету мақсатында ауданда қаржылық сауаттылығын арттыру Бұдан бұрын әлеуметтік желілерде және «Целинное знамя» газетінде халықтың кредиттелуін…
22.12.2023, 09:09 Мүмкіндігі шектеулі адамдарға қолжетімді орта құру Халықтың аз қозғалатын топтары мен мүмкіндігі шектеулі жандар үшін әлеуметтік…
17.11.2023, 04:39 Сотты құрметтемеу. Бұл нені білдіреді және ол қандай жазаны білдіред? Әкімшілік құқық бұзушылық, азаматтық, қылмыстық істер туралы істерді сот талқылауыбарысында…
17.11.2023, 04:14 «Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі Көрсетілетін қызметті беруші: «Жарқайың ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар…
23.10.2023, 11:40 Мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділікті қамтамасыз етпеу бойынша жауапкершілік Қазіргі қоғамда «мүгедектік» мағынасы адам үшін қоғаммен «әлеуметтік иеліктен шығарылған»…
13.02.2023, 04:08 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Соңғы жылдары Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте белсенді қызмет байқалды.…