г. Державинск
ул. М. Габдуллина, 101/5

Сайлау-2022: Кандидаттар арасындағы теледебат қай тілде өтеді

АСТАНА. ҚазАқпарат – ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Асылбек Смағұлов президенттікке кандидаттар арасындағы телевизиялық пікірсайыс қанша уақытқа созылатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Телевизиялық пікірсайыс «Хабар» телеарнасында өтеді. Ұзақтығы 80 минуттан кем болмайды. Кім қай тілде сөйлегісі келеді, қай тілде сұрақ қойғысы келеді, сол тілде өтеді. Мысалы, сайлаушылардың атынан да сұрақтар келіп түсуі мүмкін. Сұрақ қай тілде қойылса, сол тілде жауап береді», - деді ол ОСК отырысынан кейін ұйымдастырылған баспасөз мәслихатында.

Ал «Хабар» агенттігі» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Дәулетхан Жиенқұлов телевизиялық пікірсайыс уақыты созылуы мүмкін екенін жоққа шығармады.

«Теледебат кемінде 80 минут болады деп отырмыз. Ол кандидаттардың бағдарламасын таныстыруына, сұрақтарға жауап беруіне байланысты ұзарып кетуі де мүмкін. Сондықтан кандидаттарға қандай да бір шектеу болады деп ойламаймын», - деді ол.

Сонымен қатар Дәулетхан Жиенқұлов агенттіктің электронды поштасына сайлаушылардан сұрақтар келіп түсіп жатқанын жеткізді.

«Сұрақтар видеоформатта болады. Кез келген азамат өзі таңдаған кандидатқа сауалын жолдай алады. Кімнен келсе де, сұрақ қойылады. Сауалдың тікелей эфирде қойылуына регламент мүмкіндік бермейді», - деді телеарна өкілі.

Ресми бөлім

09.07.2024, 05:57 Халықтың кредиттелуін төмендету мақсатында ауданда қаржылық сауаттылығын арттыру Бұдан бұрын әлеуметтік желілерде және «Целинное знамя» газетінде халықтың кредиттелуін…
22.12.2023, 09:09 Мүмкіндігі шектеулі адамдарға қолжетімді орта құру Халықтың аз қозғалатын топтары мен мүмкіндігі шектеулі жандар үшін әлеуметтік…
17.11.2023, 04:39 Сотты құрметтемеу. Бұл нені білдіреді және ол қандай жазаны білдіред? Әкімшілік құқық бұзушылық, азаматтық, қылмыстық істер туралы істерді сот талқылауыбарысында…
17.11.2023, 04:14 «Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі Көрсетілетін қызметті беруші: «Жарқайың ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар…
23.10.2023, 11:40 Мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділікті қамтамасыз етпеу бойынша жауапкершілік Қазіргі қоғамда «мүгедектік» мағынасы адам үшін қоғаммен «әлеуметтік иеліктен шығарылған»…
13.02.2023, 04:08 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Соңғы жылдары Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте белсенді қызмет байқалды.…