г. Державинск
ул. М. Габдуллина, 101/5

2022 жылғы 3 қарашадағы жағдай бойынша Орталық сайлау комиссиясына 3 заңды тұлғадан қоғамдық пікірге сұрау салуды жүргізгені туралы хабарлар келіп түсті

2022 жылғы 3 қарашадағы жағдай бойынша Орталық сайлау комиссиясына 3 заңды тұлғадан құжаттардың көшірмелерін қоса, қоғамдық пікірге сұрау салуды жүргізгені туралы хабарлар келіп түсті:

1. «Қоғамдық пікір» зерттеу институты («Общественное мнение» зерттеу институты);

2. «AMANAT» партиясының «Қоғамдық саясат институты» жеке меншік мекемесі;

3. «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы;

4. «Астана - Кешенді әлеуметтік зерттеулер институты» ОФ ИКСИ «СОЦИС-А»

Заңды тұлғалардан келіп түскен хабарлар туралы ақпарат олардың келіп түсуіне қарай Орталық сайлау комиссиясының сайтында жаңартылатын болады.

1. Қоғамдық пікірге сауал салуды жүргізу мерзімдеріне қатысты

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 32-бабының 1-тармағына сәйкес сайлау күнi дауыс беруге арналған үй-жайда немесе пунктте қоғамдық пiкiрге сауал салуды жүргізуге тыйым салынады.

Осылайша, қоғамдық пiкiрге сауал салуды сайлау жарияланған сәттен бастап дауыс беру күніне дейін жүргізуге болады.

Сонымен қатар «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заң 1-бапқа сәйкес сайлауды дайындау және өткізу кезінде, яғни сайлау кезеңінде туындайтын қатынастарды реттейді.

2. Қоғамдық пікірге сауал салу нәтижелерін жариялау мерзімдеріне қатысты

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 28-бабының 9-тармағына сәйкес қоғамдық пікірге сауал салу нәтижелерiн, сайлауға байланысты өзге де зерттеулер болжамдарын дауыс берiлетін күннің алдындағы бес күн ішінде және дауыс берiлетiн күні бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға жол берілмейдi.

Ресми бөлім

09.07.2024, 05:57 Халықтың кредиттелуін төмендету мақсатында ауданда қаржылық сауаттылығын арттыру Бұдан бұрын әлеуметтік желілерде және «Целинное знамя» газетінде халықтың кредиттелуін…
22.12.2023, 09:09 Мүмкіндігі шектеулі адамдарға қолжетімді орта құру Халықтың аз қозғалатын топтары мен мүмкіндігі шектеулі жандар үшін әлеуметтік…
17.11.2023, 04:39 Сотты құрметтемеу. Бұл нені білдіреді және ол қандай жазаны білдіред? Әкімшілік құқық бұзушылық, азаматтық, қылмыстық істер туралы істерді сот талқылауыбарысында…
17.11.2023, 04:14 «Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі Көрсетілетін қызметті беруші: «Жарқайың ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар…
23.10.2023, 11:40 Мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділікті қамтамасыз етпеу бойынша жауапкершілік Қазіргі қоғамда «мүгедектік» мағынасы адам үшін қоғаммен «әлеуметтік иеліктен шығарылған»…
13.02.2023, 04:08 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Соңғы жылдары Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте белсенді қызмет байқалды.…