Жарқайың аудандық мәслихатының (7–ші шақырылған кезектен тыс 19 сессиясы) Ш Е Ш І М І
Державин қаласы № 7С-19/2 2021 жылғы 10 желтоқсан
«Жарқайың ауданының Құрметті азаматы» атағын беру туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабының 1 тармағының 12-2 тармақшасына, аудан әкімінің 2021 жылғы 3 желтоқсандағы № 01-622 хатына сәйкес Жарқайың аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
«Жарқайың ауданының Құрметті азаматы» атағын берілсін:
Теміртас Берікұлы Жүсүповке-бокстан әлем чемпионы, спортты дамытуға қосқан үлесі үшін, еліміздің туын халықаралық жарыстарда бірнеше рет көтеріп, ауданымызды ғана емес еліміздің намысын қорғағаны үшін, жоғары мемлекеттік наградалары бар;
Борис Степанович Лузинге-мемлекеттік марапаттары бар, қоғамдық істердің белсенді қайраткері, ауданда атқарған адал еңбегі, аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін, жоғары мемлекеттік наградалары бар;
- «Жарқайың тынысы» және «Целинное знамя» аудандық газеттері редакциясына осы шешімді жариялау ұсынылсын.
Аудандық мәслихаттың хатшысы А. Әлжанов