г. Державинск
ул. М. Габдуллина, 101/5

Бала туу және оның күтімі бойынша төленетін жәрдемақыларды ресімдеу

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы әлеуметтік салада проактивті қызметтерді белсенді түрде енгізуді жалғастырып келеді. Бұл форматтың арқасында клиенттер ХҚКО-ға бармай-ақ, SMS арқылы бірнеше жәрдемақыны рәсімдей алады. Әлеуметтік саладағы ең сұранысқа ие мемлекеттік қызметтердің бірі – бала туу және оның күтімі бойынша төленетін жәрдемақыларды ресімдеу. Бала өмірге келгеннен кейін оның анасына жәрдемақы бойынша өтініш беру үшін SMS-хабарлама келеді.

Осылайша, 2022 жылдың кейінгі бес айында бала туу және бала күтімі бойынша 152 298 мың жәрдемақы белсенді түрде ресімделді, бұл 2021 жылдағы кезеңмен салыстырғанда 2,2 есе көп (66 894 мың). Айта кетейік, бала туу бойынша жәрдемақы мөлшері балалар санына байланысты. Бірінші, екінші және үшінші баланың тууына байланысты жәрдемақы – 120 840 теңге (2022 жылы 38 АЕК), одан кейінгілеріне – 200 340 теңге (63 АЕК) болады. Жұмыс істемейтін әйелдер үшін бір жасқа дейінгі бала күтімі бойынша жәрдемақы:

  • Бірінші бала күтімі бойынша – 18 317 теңге (5,76 АЕК);
  • Екінші бала күтімі бойынша –  21 656 теңге (6,81 АЕК);
  • Үшінші бала күтімі бойынша – 24 963 теңге (7,85 АЕК);
  • Төртінші және одан да көп бала күтімі бойынша – 28 302 теңге (8,90 АЕК).

Баланың бір жасқа толғанға дейінгі (босанғаннан кейін) күтімі бойынша ай сайынғы әлеуметтік төлем жұмыс істейтін әйелдерге ғана тағайындалады. Төлем мөлшері әлеуметтік аударымдар жүргізілген табысқа да байланысты болады.

Жәрдемақы төмендегідей есептеледі:

  1. Егер алушының 2 жыл ішіндегі табысының орташа айлық мөлшері 120 000 теңге болса, онда төлем 48 000 теңге (120 000x 0,4) мөлшерінде тағайындалады. Осы сомадан зейнетақы жарнасының 10 пайызы шегеріледі.
  2. Егер табыс мөлшері 7 АЕК-ден (2022 жылға 420 000 теңге) асатын болса, онда төлем ең жоғары 168 000 теңге (420 000x 0,4) деңгейде тағайындалады. Осы сомадан зейнетақы жарнасының 10% шегеріледі.
  3. Егер табыс 40 000 теңгені құраған жағдайда, онда төлем 16 000 теңге (40 000x0,4) мөлшерінде тағайындалады. Осы сомадан зейнетақы жарнасының 10% шегеріледі. Осы ретте жәрдемақылар ҚР міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылатын еске саламыз. Бұл қызмет 7 жұмыс күні ішінде көрсетіледі.

Жарқайың ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Ресми бөлім

09.07.2024, 05:57 Халықтың кредиттелуін төмендету мақсатында ауданда қаржылық сауаттылығын арттыру Бұдан бұрын әлеуметтік желілерде және «Целинное знамя» газетінде халықтың кредиттелуін…
22.12.2023, 09:09 Мүмкіндігі шектеулі адамдарға қолжетімді орта құру Халықтың аз қозғалатын топтары мен мүмкіндігі шектеулі жандар үшін әлеуметтік…
17.11.2023, 04:39 Сотты құрметтемеу. Бұл нені білдіреді және ол қандай жазаны білдіред? Әкімшілік құқық бұзушылық, азаматтық, қылмыстық істер туралы істерді сот талқылауыбарысында…
17.11.2023, 04:14 «Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі Көрсетілетін қызметті беруші: «Жарқайың ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар…
23.10.2023, 11:40 Мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділікті қамтамасыз етпеу бойынша жауапкершілік Қазіргі қоғамда «мүгедектік» мағынасы адам үшін қоғаммен «әлеуметтік иеліктен шығарылған»…
13.02.2023, 04:08 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Соңғы жылдары Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте белсенді қызмет байқалды.…