г. Державинск
ул. М. Габдуллина, 101/5

Негізгі міндет – мемлекеттік сапалы қызмет

Ғылым мен техниканың дамуында мемлекеттік мекемедегі басты назардағы айтулы мәселелердің бірі мемлекеттік қызмет көрсету болып табылады. Мемлекеттік қызмет көрсету мемлекетіміздің әлеуметтік дамуындағы басты қағида болып есептеледі.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығына сай, Тасөткел ауылының негізгі орта мектебінде  көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрлерін атап өтсек:

  1. "Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау" 

2.Бастауыш негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды  үйде жеке тегін оқытылатуды ұйымдастыру үшін құжаттар қабылдау;

3.Балаларды жалпы білім беретін оқу орындары арасында ауыстыру үшін құжаттар қабылдау;

  1. Негізгі орта,жалпы орта білім беру туралы құжаттардың телнұсқаларын беру;

Тасөткел ауылының негізгі орта мектебінде жоғарыда көрсетілген мемлекеттік қызмет түрлері жоғары деңгейде қызмет көрсетіліп келеді. Атап айтар болсақ «Оқушыларды бірінші сыныпқа қабылдау» мәселесі бойынша 2021-2022 оқу жылында Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министірінің «Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін  оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында оқуға қабылдаудың ізгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының негізінде мектепшілік бұйрық шығарылып 01.06-28.08.2020 аралығында жасалған кесте шеңберінде бірінші және мектепалды даярлық топтарына оқушылар қабылдадық. Құжат қабылдау egov.kz порталында және қағаз жүзде іске асырылды.  Оқушылардың құжаттары стандартқа сай жинақталды. Ата-аналардың өтініштері бекітіліп, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.Халыққа мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттыру үшін электронды қызмет көрсету түрі-қазіргі технологияның қарқынды даму, талабына сай күннен-күнге дамып келеді. Осы орайда айта кететін жайт, мектебімізде «Өзіне-өзі қызмет көрсету» бұрышы іске асырылған еді. Бұл мұғалімдер мен ата-аналардың онлайн қызмет алуына септігін тигізген болатын.

                Мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде халықтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін сақтауды қамтамасыз ету белгілерінің бірі болып әкімшілік кедергілерді азайту, халыққа мемлекеттік қызметтерді көрсету тиімділігін арттыру және мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсету болып табылады.

Мемлекеттік қызметті алу үшін  Тасөткел ауылы, Абай көшесі 3 үй немесе 87164895481 телефоны арқылы  хабарласып ақпарат алуыңызға болады .

«Тасөткел ауылының негізгі орта мектебі» КММ  директоры  Б.Т. Жумабекова.

Ресми бөлім

09.07.2024, 05:57 Халықтың кредиттелуін төмендету мақсатында ауданда қаржылық сауаттылығын арттыру Бұдан бұрын әлеуметтік желілерде және «Целинное знамя» газетінде халықтың кредиттелуін…
22.12.2023, 09:09 Мүмкіндігі шектеулі адамдарға қолжетімді орта құру Халықтың аз қозғалатын топтары мен мүмкіндігі шектеулі жандар үшін әлеуметтік…
17.11.2023, 04:39 Сотты құрметтемеу. Бұл нені білдіреді және ол қандай жазаны білдіред? Әкімшілік құқық бұзушылық, азаматтық, қылмыстық істер туралы істерді сот талқылауыбарысында…
17.11.2023, 04:14 «Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі Көрсетілетін қызметті беруші: «Жарқайың ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар…
23.10.2023, 11:40 Мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділікті қамтамасыз етпеу бойынша жауапкершілік Қазіргі қоғамда «мүгедектік» мағынасы адам үшін қоғаммен «әлеуметтік иеліктен шығарылған»…
13.02.2023, 04:08 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Соңғы жылдары Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте белсенді қызмет байқалды.…