г. Державинск
ул. М. Габдуллина, 101/5

Ақмола облысының дін істері басқармасы көрсететін мемлекеттік қызметтер туралы

Мемлекеттік қызметтер қоғамның мемлекетпен қарым-қатынастағы қажеттіліктерін қанағаттандыруға арналған стратегиялық әлеуметтік институттардың бірі болып табылады.

Соңғы онжылдық ішінде, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданған кезден бастап Үкімет мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді әзірлеу, стандарттау және автоматтандыру жөнінде бірқатар өзгерістер жүргізуде.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің жоғары сапасын ұсыну және жеке және заңды тұлғалар үшін, оның ішінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалануын кеңейту, қызметтерді көрсетудің жаңа схемаларын енгізу негізінде олардың қолжетімділігін кеңейту мемлекеттік саясаттың басымдығы болып табылады.

Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 2020 жылғы 31 қаңтардағы №39/нқ бұйрығымен бекітілген мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес, басқарма 2 мемлекеттік қызмет көрсетеді.

Мемлекеттік қызмет көрсетудің талаптары мен тәртібі Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2020 жылғы 31 наурыздағы № 97 бұйрығымен бекітілген діни қызмет саласындағы мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларымен реттеледі.

«Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды тіркеуді және қайта тіркеуді жүргізу» және «Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекіту туралы шешім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтері көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы немесе «Азаматтарға арналған үкімет «Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы және www.egov.kz, www.elicense.kz «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы көрсетіледі.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді электрондық түрде алу үшін көрсетілетін қызметті алушыда қолданыстағы электрондық цифрлық қолтаңбаның (ЭЦҚ) болуы маңызды шарт болып табылады.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша толық ақпарат басқарманың ресми интернет-ресурсында, «Қызмет» бөлімінде, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» кіші бөлімінде орналастырылған.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібіне қатысты көрсетілетін қызметті алушы барлық сұрақтар бойынша Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 89, 420 каб. мекен-жайы бойынша, тел.: 8 (7162) 51-13-62, жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс 13.00-ден 14.30-ға дейін Ақмола облысының дін істері басқармасына немесе 1414, 8-800-080-7777 телефондары бойынша мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығына (қоңырау шалу тегін) жүгіне алады.

Г.В.Бессмертная, Ақмола облысы дін істері басқармасының бас маманы.

Ресми бөлім

09.07.2024, 05:57 Халықтың кредиттелуін төмендету мақсатында ауданда қаржылық сауаттылығын арттыру Бұдан бұрын әлеуметтік желілерде және «Целинное знамя» газетінде халықтың кредиттелуін…
22.12.2023, 09:09 Мүмкіндігі шектеулі адамдарға қолжетімді орта құру Халықтың аз қозғалатын топтары мен мүмкіндігі шектеулі жандар үшін әлеуметтік…
17.11.2023, 04:39 Сотты құрметтемеу. Бұл нені білдіреді және ол қандай жазаны білдіред? Әкімшілік құқық бұзушылық, азаматтық, қылмыстық істер туралы істерді сот талқылауыбарысында…
17.11.2023, 04:14 «Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі Көрсетілетін қызметті беруші: «Жарқайың ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар…
23.10.2023, 11:40 Мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділікті қамтамасыз етпеу бойынша жауапкершілік Қазіргі қоғамда «мүгедектік» мағынасы адам үшін қоғаммен «әлеуметтік иеліктен шығарылған»…
13.02.2023, 04:08 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Соңғы жылдары Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте белсенді қызмет байқалды.…