г. Державинск
ул. М. Габдуллина, 101/5

Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы  2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 121–VI Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – қолданысқа енгізу туралы Заң) сәйкес 2021 жылдың 1 қаңтардан бастап Салық кодексінің «Жалпыға бірдей декларациялау» 71-тарауы қолданысқа енгізіледі.

Қолданысқа енгізу туралы Заңның 45-1-бабының негізінде жалпыға бірдей декларациялау кезең-кезеңімен енгізіледі.

Екінші кезеңде – 2023 жылы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізу туралы Заңның 45-1-бабының 1) тармақшасына сәйкес Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны (250.00-нысан) тапсыру жылының 1 қаңтарында мынадай жеке тұлғалар болып табылатындар тапсырады:

мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері және олардың жұбайлары;

квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметкерлері және олардың жұбайлары.

«Мемлекеттік мекемелер» - бұл орта, мектепке дейінгі білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт және т.б. саласындағы ұйымдар. Квазимемлекеттік сектор-бұл мемлекеттік кәсіпорындар, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер, акционерлік қоғамдар…

Активтер мен міндеттемелер туралы декларация (250.00-нысан) тапсырылатын жылдың алдындағы жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша, яғни 2022 жылдың 31 желтоқсандағы жағдай бойынша құрастырылады.

Декларация тұрғылықты (болу) жері бойынша тапсырылады:

1) қағаз жеткізгіште тапсырған жағдайда – декларацияны тапсыру міндеттемесі туындаған ағымдағы жылғы 15 шілдеден кешіктірмей;

2) электронды түрде тапсырған жағдайда – декларацияны тапсыру міндеттемесі туындаған ағымдағы жылдың 15 қыркүйектен кешіктірмей тапсырады.

Қолданысқа енгізу туралы Заңның 45-2 бабына сәйкес Активтер мен міндеттемелер туралы декларация осы Кодекстің 630-бабының 1-тармағында аталған жеке тұлғалардың Қазақстан Республикасында және оның шегінен тыс жерде мыналардың болуы туралы ақпаратты көрсетуіне арналады:

1) құқықтары және (немесе) мәмілелері шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес шет мемлекеттің құзыретті органында мемлекеттік немесе өзге тіркеуге жататын мүлік:

-жылжымайтын мүлік, жер учаскелері және (немесе) жер үлестері, әуе және теңіз кемелері, ішкі суда жүзетін кемелер, "өзен – теңізде" жүзетін кемелер;

-көлік құралдары, арнайы техника және (немесе) тіркемелер;

Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде шетелдік банктердегі банктік шоттарда жиынтығында барлық банктік салымдар бойынша республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және есепті салықтық кезеңнің 31 желтоқсанында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 1000 еселенген мөлшерінен асатын сомадағы ақша;

Бұл ретте сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде орналасқан шетелдік банктерде шоттар салымдар ашу және иелену, Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде орналасқан шетелдік банктерде қолма-қол ақша мен құндылықтарды сақтау жөніндегі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеуді қабылдайтын адамдар кірістер мен мүлік туралы декларацияда банк сомасына қарамастан, Қазақстан Республикасынан тыс жерлердегі шетелдік банктерде ақшаның болуы салымдар;

2) Қазақстан Республикасындағы және (немесе) оның шегінен тыс жерлердегі мүлік:

-тұрғын үй құрылысына үлестік қатысуы туралы шарт бойынша тұрғын ғимараттағы үлес;

-Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде құрылған заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесі;

-бағалы қағаздар, туынды қаржы құралдары (орындалуы базалық активті сатып алу немесе өткізу арқылы жүргізілетін туынды қаржы құралдарын қоспағанда);

-эмитенттері Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тіркелген бағалы қағаздарға, цифрлық активтерге;

-инвестициялық алтын;

-зияткерлік меншік, авторлық құқық объектілері;

-республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы декларация тапсырылатын жылдың алдындағы жылдың 31 желтоқсанына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 10000 еселенген мөлшері шегінен аспайтын сомада көрсетілетін қолма-қол ақша;

Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға берешекті қоспағанда, міндеттеменің немесе талаптың туындауына негіз болып табылатын, нотариат куәландырған (айғақтаған) шарт немесе өзге құжат болған кезде басқа тұлғалардың жеке тұлға алдындағы берешегі (дебиторлық берешегі) және (немесе) жеке тұлғаның басқа тұлғалар алдындағы берешегі (кредиторлық берешегі);

3) осы баптың 4-тармағында көрсетілген өзге де мүлік.

  1. Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияға қосымшалар салықтық бақылау мақсаттары үшін салық органдары пайдаланатын, осы баптың 1-тармағында көрсетілген мәліметтер туралы ақпаратты егжей-тегжейлі көрсетуге арналады.
  2. "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жеке тұлғалардың декларацияларын ұсыну жөніндегі міндет жүктелген адамдар активтер мен міндеттемелер туралы декларацияға қосымшаларда мүлікті сенімгерлік басқаруға, трастқа беру туралы мәліметтерді де көрсетеді.

Жоғарыда айтылғандарды негізге ала атырып, тиісті декларацияларды тапсыруға көмек көрсетуді сұраймыз.

  • 00 н. декларациясын тапсыруға міндетті тұлғалар, соның ішінде тұрақты қызметкерлер құрамына жатпайтын тұлғалар;
  • Жалпыға бірдей декларациялау жүйесіне енген және 270.00 н. декларациясын ұсыну бойынша міндеттемелері бар тұлғалар;

Сонымен қатар, Департамент, Zoom бағдарламасы арқылы апта сайын сәрсенбі күндері сағат 11:00-ден 11:30-ға дейін «Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны» (250.00 н.) және «Жеке тұлғаның кірістері мен мүлкі туралы декларацияны» (270.00н.) тапсыру туралы түсініктеме беріледі.

Конференция идентификаторы: 7215016374

Қол жеткізу коды: 123456

Бұл ретте, «Активтер мен міндеттемелер туралы декларация» 250.00 н. және «Жеке тұлғаның кірістері мен мүлкі туралы декларация» 270.00 н. салық төлеушілер кабинеті (cabinet.salyk.kz), электрондық үкімет порталы (egov.kz),  сондай-ақ «e-Salyq Azamat» мобильді қосымшасы арқылы.

Жарқайың ауданының білім беру жүйесінің қызметкерлері кірістерді декларациялау бойынша сұрақтарды 9-24-60 телефоны бойынша қоя алады

«Білім бөлімі» ММ әдіскері Сайфуллина Т.К.

Ресми бөлім

09.07.2024, 05:57 Халықтың кредиттелуін төмендету мақсатында ауданда қаржылық сауаттылығын арттыру Бұдан бұрын әлеуметтік желілерде және «Целинное знамя» газетінде халықтың кредиттелуін…
22.12.2023, 09:09 Мүмкіндігі шектеулі адамдарға қолжетімді орта құру Халықтың аз қозғалатын топтары мен мүмкіндігі шектеулі жандар үшін әлеуметтік…
17.11.2023, 04:39 Сотты құрметтемеу. Бұл нені білдіреді және ол қандай жазаны білдіред? Әкімшілік құқық бұзушылық, азаматтық, қылмыстық істер туралы істерді сот талқылауыбарысында…
17.11.2023, 04:14 «Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі Көрсетілетін қызметті беруші: «Жарқайың ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар…
23.10.2023, 11:40 Мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділікті қамтамасыз етпеу бойынша жауапкершілік Қазіргі қоғамда «мүгедектік» мағынасы адам үшін қоғаммен «әлеуметтік иеліктен шығарылған»…
13.02.2023, 04:08 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Соңғы жылдары Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте белсенді қызмет байқалды.…