г. Державинск
ул. М. Габдуллина, 101/5

Ақмола облысында «Әділет» партиясыныңсайлауалды үгіт-насихат науқаныныңқорытындысы шығарылды

Ақмола облысында «Әділет» партиясыныңсайлауалды үгіт-насихат науқаныныңқорытындысы шығарылды

Көкшетау қаласында «Әділет» партиясыАқмола облыстық филиалының төрағасы Берген Беспалиновтың төрағалығымен облыстықсайлауалды штабтың қорытынды отырысы өтті. Оған облыстық, қалалық және аудандықсайлауалды штабтардың мүшелері қатысты.

Отырыс барысында сайлауалды үгіт-насихатнауқанының қорытындылары шығарылып, партияның 2026–2031 жылдарға арналғанСайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегіЖол картасының негізгі бағыттары қаралды. Сонымен қатар сайлаушылардан түскен аманаттармен ұсыныстарға талдау жасалды.

Сайлауалды науқанды ұйымдастыру және өткізумақсатында өңірде 1 облыстық, 3 қалалық және 17 аудандық, барлығы 21 штаб құрылды. 2–27 қарашааралығында шамамен 6,5 мың іс-шара өткізіліп, 175 мыңға жуық адам қамтылды. Бұдан бөлек, сыртқы үгіт-насихаттың 107 нысаныорналастырылып, 167 мыңнан астам баспа үгітматериалы таратылды.

«Сайлауалды науқан барысында тұрғындарментікелей әрі ашық диалог орнатуға ерекше көңілбөлінді. Еңбек ұжымдарымен, қала және ауылтұрғындарымен өткізілген кездесулер өңірдегіөзекті мәселелерді анықтауға, азаматтардыңұсыныс-тілектерін жинақтауға мүмкіндік берді. Ендігі басты міндет – келіп түскен өтініштермен ұсыныстарды жүйелі түрде қарастырып, оларды шешу жолдарын айқындау жәнеСайлауалды бағдарлама аясында кезең-кезеңіменіске асыру», – деді «Әділет» партиясы Ақмолаоблыстық филиалының төрағасы Берген Беспалинов.

Облыстық филиал төрағасының орынбасарыАқманат Әлімбетова 2026–2031 жылдарғаарналған Сайлауалды бағдарламаны іске асыружөніндегі Жол картасының негізгі бағыттарынтаныстырды. Құжат тоғыз басым бағытты қамтиды.

Атап айтқанда, 2031 жылға дейін автомобиль жолдарының нормативтік жағдайдағы үлесін 95 пайызға, халықты газбен қамту деңгейін 70 пайызғажеткізу, шағын және орта бизнестің 255 жобасынақолдау көрсету, 4 920 оқушы орнының құрылысынқамтамасыз ету, 11 отбасын қолдау орталығын ашужәне бірқатар инфрақұрылымдық әрі әлеуметтікжобаларды жүзеге асыру көзделген.

«Жол картасындағы әрбір іс-шара бойыншанақты мерзімдер, нысаналы көрсеткіштер мен жауапты орындаушылар белгіленген. Сондықтан бағдарламаның іске асырылуынажүйелі бақылау жүргізу, атқарылғанжұмыстардың сапасына және олардың өңіртұрғындарының күнделікті өміріне тигізетіннақты әсеріне ерекше назар аудару маңызды», – деп атап өтті Ақманат Әлімбетова.

Сондай-ақ отырыс барысында сайлаушыларданкеліп түскен 100-ден астам аманат пен ұсынысқажүргізілген талдау нәтижелері таныстырылды. Олардың басым бөлігі тұрғын үй-коммуналдықшаруашылықты жаңғырту, жолдарды жөндеу, инфрақұрылымды дамыту, кәсіпкерлікті қолдау, медициналық қызметтердің қолжетімділігінарттыру және әлеуметтік мәселелерді шешубағыттарына қатысты.

Отырыс қорытындысы бойынша сайлаушылардыңаманаттары мен ұсыныстарын жүйелеу, олардытиісті мемлекеттік органдарға жолдау және Жолкартасының іске асырылу барысына тұрақтымониторинг жүргізу жөніндегі алдағы міндеттерайқындалды.

Кездесу соңында Берген Беспалинов сайлауалдынауқанды ұйымдастыруға және өткізуге белсендіатсалысқан кандидаттарға, сайлауалды штаб мүшелеріне және партия белсенділеріне атқарғанжұмыстары үшін алғыс білдірді.

Ресми бөлім

09.07.2024, 05:57 Халықтың кредиттелуін төмендету мақсатында ауданда қаржылық сауаттылығын арттыру Бұдан бұрын әлеуметтік желілерде және «Целинное знамя» газетінде халықтың кредиттелуін…
22.12.2023, 09:09 Мүмкіндігі шектеулі адамдарға қолжетімді орта құру Халықтың аз қозғалатын топтары мен мүмкіндігі шектеулі жандар үшін әлеуметтік…
17.11.2023, 04:39 Сотты құрметтемеу. Бұл нені білдіреді және ол қандай жазаны білдіред? Әкімшілік құқық бұзушылық, азаматтық, қылмыстық істер туралы істерді сот талқылауыбарысында…
17.11.2023, 04:14 «Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі Көрсетілетін қызметті беруші: «Жарқайың ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар…
23.10.2023, 11:40 Мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділікті қамтамасыз етпеу бойынша жауапкершілік Қазіргі қоғамда «мүгедектік» мағынасы адам үшін қоғаммен «әлеуметтік иеліктен шығарылған»…
13.02.2023, 04:08 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Соңғы жылдары Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте белсенді қызмет байқалды.…