г. Державинск
ул. М. Габдуллина, 101/5

*Келер ұрпаққа арналған игілік – Құрылтай депутаттары «Халықтық құрылыс» жобасы аясында салынатын әлеуметтік нысандар туралы*

*Келер ұрпаққа арналған игілік – Құрылтай депутаттары «Халықтық құрылыс» жобасы аясында салынатын әлеуметтік нысандар туралы*

Құрылтай депутаты Дихан Қамзабекұлы Құрылтайдағы барлық фракция атынан Қазақстан Тәуелсіздігінің 35 жылдығына орай үндеу оқыды.

_«Өздеріңізге мәлім, жыл басында Президентіміз тарихи белестің маңызын атап өтіп, ел дамуындағы жаңа кезеңге өтумен пара-пар екенін айтты. Біз бүгініміз үшін де, ертеңіміз үшін де бірлесе тынбай еңбек етуге тиістіміз. Тәуелсіздігіміздің 35 жылдығын алдағы өсу көкжиегімізді, нақты мақсат-мүддемізді айқындайтын жауапты кезеңге айналдыруымыз керек»,_ – делінген үндеуде.

Депутаттар бүгінде әділеттілік, заң мен тәртіп барлық салада мызғымас қағидаға айналғанын атап өтті. Бұл ретте еліміздің ортақ еңбегінің басты нәтижесі экономикадағы қарқынды өсім болды. Жеті жылдың ішінде жалпы ішкі өнімнің көлемі шамамен 2,5 есе өсіп, 398 млрд долларды құрады.

Сонымен қатар депутаттар ел әлеуетін арттыратын жобаларды, ең алдымен, Мемлекет басшысы Жолдауында жария еткен ауқымды «Халықтық құрылыс» жобасын іске асыруға бірлесе атсалысуға шақырды.

_«Дәл бүгін жұдырықтай жұмылып, ұлт болып ұйысып, Президентіміз жариялаған «Құрылыс және тағы да құрылыс!» халықтық бастаманы нақты іспен қолдауымыз керек. Тіпті, бұл - әрбіріміз үшін абыройлы міндет! Мұны 35 жылдық белес аясында басталған тегеурінді, ауқымды жоба деп айта аламыз. Халық игілігіне арналған жүздеген әлеуметтік, ал ауыл-аймақтарда мыңдаған инфрақұрылымдық нысандар салынып, баршаның пайдалануына беріледі. Әділеттіктің жалпыұлттық құрылысы – осы күнге өнеге, келешекке мақтаныш болады деп сенеміз», – делінген үндеуде._

https://t.me/quryltairesmi/23341

Ресми бөлім

09.07.2024, 05:57 Халықтың кредиттелуін төмендету мақсатында ауданда қаржылық сауаттылығын арттыру Бұдан бұрын әлеуметтік желілерде және «Целинное знамя» газетінде халықтың кредиттелуін…
22.12.2023, 09:09 Мүмкіндігі шектеулі адамдарға қолжетімді орта құру Халықтың аз қозғалатын топтары мен мүмкіндігі шектеулі жандар үшін әлеуметтік…
17.11.2023, 04:39 Сотты құрметтемеу. Бұл нені білдіреді және ол қандай жазаны білдіред? Әкімшілік құқық бұзушылық, азаматтық, қылмыстық істер туралы істерді сот талқылауыбарысында…
17.11.2023, 04:14 «Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі Көрсетілетін қызметті беруші: «Жарқайың ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар…
23.10.2023, 11:40 Мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділікті қамтамасыз етпеу бойынша жауапкершілік Қазіргі қоғамда «мүгедектік» мағынасы адам үшін қоғаммен «әлеуметтік иеліктен шығарылған»…
13.02.2023, 04:08 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Соңғы жылдары Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте белсенді қызмет байқалды.…