г. Державинск
ул. М. Габдуллина, 101/5

Цифрлық жұмыспен қамту: адамның құқықтық мәртебесі қатынастардың нақты сипатына қарай айқындалуға тиіс

Цифрлық жұмыспен қамту: адамның құқықтық мәртебесі қатынастардың нақты сипатына қарай айқындалуға тиіс

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026 жылғы 28 қазандағы Қазақстан халқына Жолдауында белгілеген нақты міндеттердің бірі — цифрлық жұмыспен қамтудың оңайлатылған құқықтық режимін қалыптастыру. Сонымен қатар Президент 2027 жылы ауыл шаруашылығы өндірушілеріне цифрлық платформалар арқылы өнім өткізуге, қаржылық және логистикалық сервистерді пайдалануға мүмкіндік беретін пилоттық жобаларды іске қосуды тапсырды.
Жаңа Азаматтық кодексті әзірлеу жөніндегі бастаманы қолдаймын. Цифрлық жұмыспен қамтудың дамуы кешенді құқықтық тәсілді қажет етеді деп санаймын. Бүгінде цифрлық платформалар азаматтар қызмет көрсететін, тапсырыстар орындайтын, тауарларын сататын және табыс табатын дербес экономикалық ортаға айналды.
Алайда мұндай қатынастардың сыртқы қарапайымдылығының артында күрделі құқықтық мәселелер тұр. Тапсырыс орындалмаған жағдайда кім жауап береді? Платформа ынтымақтастық талаптарын біржақты өзгертуге немесе орындаушының аккаунтын бұғаттауға құқылы ма? Орындалған жұмыстың көлемі мен сыйақы мөлшері қалай расталады? Қызмет сапасыз көрсетілген жағдайда тұтынушы алдында кім жауапты болады?
Бұдан бөлек, еңбек қатынастары мен азаматтық-құқықтық қатынастардың аражігін ажырату мәселесі бар. Ынтымақтастықтың цифрлық платформа арқылы жүзеге асырылуы немесе қызмет көрсету шартының жасалуы қатынастардың автоматты түрде азаматтық-құқықтық сипатқа ие болатынын білдірмейді. Оларды құқықтық тұрғыдан саралау кезінде орындаушының дербестік деңгейі, бағыныстылығы, жұмыс барысына бақылау жасалу сипаты және өзге де заңдық маңызы бар мән-жайлар ескерілуге тиіс.
Осыған байланысты жаңа Азаматтық кодекс еңбек және арнайы заңнамамен өзара үйлесімділікте платформалық қатынастарға түсінікті құқықтық қағидалар белгілеуі қажет. Атап айтқанда, шарт талаптарының ашықтығына, сыйақыны есептеу және төлеу тәртібіне, платформа қатысушылары арасындағы жауапкершілікті бөлуге, сондай-ақ орындаушылардың цифрлық сервистерге қол жеткізу құқығын негізсіз шектеуден қорғауға назар аудару маңызды.
Сонымен бірге кәсіпкерліктің жаңа нысандары мен өзін-өзі жұмыспен қамтуға артық кедергілер жасалмауы керек.

Ресми бөлім

09.07.2024, 05:57 Халықтың кредиттелуін төмендету мақсатында ауданда қаржылық сауаттылығын арттыру Бұдан бұрын әлеуметтік желілерде және «Целинное знамя» газетінде халықтың кредиттелуін…
22.12.2023, 09:09 Мүмкіндігі шектеулі адамдарға қолжетімді орта құру Халықтың аз қозғалатын топтары мен мүмкіндігі шектеулі жандар үшін әлеуметтік…
17.11.2023, 04:39 Сотты құрметтемеу. Бұл нені білдіреді және ол қандай жазаны білдіред? Әкімшілік құқық бұзушылық, азаматтық, қылмыстық істер туралы істерді сот талқылауыбарысында…
17.11.2023, 04:14 «Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі Көрсетілетін қызметті беруші: «Жарқайың ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар…
23.10.2023, 11:40 Мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділікті қамтамасыз етпеу бойынша жауапкершілік Қазіргі қоғамда «мүгедектік» мағынасы адам үшін қоғаммен «әлеуметтік иеліктен шығарылған»…
13.02.2023, 04:08 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Соңғы жылдары Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте белсенді қызмет байқалды.…