г. Державинск
ул. М. Габдуллина, 101/5

Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Президент Астана қаласындағы «Атамекен» этно-мемориал кешенінде өткен Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты. Құрмет қарауылы ротасының бастығы салтанатты шараға дайындығы жөнінде Мемлекет басшысына рапорт берді. Содан кейін еліміздің әнұраны шырқалып, көк байрағымыз көтерілді.

Қасым-Жомарт Тоқаев жиналған жұртшылықты Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтап, бұл елдігімізді нығайта түсетін мерейлі мереке екеніне назар аударды.

– Осы мерекеге орай біз жаңа ғана еліміздің бас байрағын көтердік. Көк туымыз әрдайым биікте желбірей берсін! Туымызды тік ұстау – әр азаматтың перзенттік парызы. Аспан түстес көк байрағымыз – біздің мақтанышымыз. Спортшыларымыз туымызды талай рет жеңіс тұғырына көтерді. Жақында қазақтың қайсар қыздары Эверестке шықты. Туымыз әлемнің ең биік шыңында тағы да желбіреді. Алда Олимпиада ойындары келе жатыр. Мемлекет басшысы байрағымыз аспандаған сайын ұлт мерейі асқақ болатынын айтып, туды тәуелсіздігіміздің тұмары әрі ынтымағымыздың бастауы деп атады.

– Батыр бабаларымыз ел тағдыры сынға түскен сәтте бір тудың түбінен табылған. Бірлігін бекем ұстаған, елі мен жерін қорғаған. Байтақ даланы көзінің қарашығындай сақтап, ұрпағына мирас еткен. Сол аманатқа адал болу – ұрпақтың ұлы мұраты, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

 Намысты өрендеріміз Париж төрінде туымызды тік ұстайды деп сенемін, – деді Президент.

Президенттің айтуынша, Қазақстан бейбіт мемлекет ретінде татулық пен келісімді қашанда басты орынға қояды және барлық мемлекетпен достық қатынас орнатқан.

– Соның арқасында туымыз жер жүзіне бірлік пен бейбітшіліктің байрағы ретінде танылды. Біз достық қағидатын әрдайым берік ұстанамыз. Қазір бәріміз бір кісідей жұмылып, Әділетті Қазақстанды құрып жатырмыз. Баршаға бірдей мүмкіндік беретін қоғам орната бастадық. Аз уақыт ішінде ауқымды саяси реформа жасадық. Жаңа экономикалық бағытымызды айқындадық. Сондай-ақ жас ұрпақтың сана-сезімін жаңғыртып, сапалы ұлт болуға бет бұрдық. Мұның бәрін жүзеге асырып, түбегейлі орнықтыру – оңай шаруа емес. Ол үшін, ең алдымен, ырысты ынтымақ керек. Барша Қазақстан халқының тағдыры – ортақ, болашағы – бір. Сондықтан бір ел, бір халық болып, ту түбінде тұтаса білсек, көздеген мақсатқа міндетті түрде жетеміз, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

 

Президент мемлекеттік рәміздер негізгі құндылықтарымыз бен мұраттарымызды айшықтап, әрқайсымыздың бойымызда елімізге деген шынайы мақтаныш сезімін оятатынын жеткізді. Сонымен қатар басты елдік нышандар сын сағатта да, жеңісті күндерде де барша азаматты біріктіретініне тоқталды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік рәміздер күні әскери шен тапсыру игі дәстүрге айналғанын атап өтіп, жас сарбаздар Отан қорғау ісін өмірлік миссия ретінде таңдап алғанын айтты.

– Ер-азамат үшін ел тыныштығын күзету – ең абыройлы міндет. Әйгілі батырымыз Бауыржан Момышұлы «Ердің туы – намыс» деген. Өздеріңіз сияқты отаншыл әрі намысты ұландары бар Қазақстанның келешегі жарқын екені анық. Баршаңыз антқа адал болып, ел шебін қырағы қорғайсыздар деп сенемін. Әскери шен алу – әр сарбаздың өміріндегі маңызды белес. Армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов «Атақты алғаннан гөрі, оны арқалап жүрген қиын» деген. Әйгілі қолбасшының бұл сөзі сіздерге зор жауапкершілік жүктейді. Қазақ сарбазы деген атқа әрқашан лайық болыңыздар, – деді Мемлекет басшысы.

Салтанатты рәсімде жоғары әскери оқу орындарының 12 үздік түлегі Қазақстан Президенті – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысының қолынан офицерлік шен алды.

Шара соңында Мемлекеттік күзет қызметінің, Қорғаныс және Ішкі істер министрліктерінің Құрмет қарауылы роталары Президент пен жиналған қауым алдынан салтанатты түрде сап түзеп өтті.

Ту көтеру рәсіміне Парламент Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев, Парламент Мәжілісінің Төрағасы Ерлан Қошанов, ҚР Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин, Президент Әкімшілігінің Басшысы Айбек Дәдебай, сондай-ақ мемлекеттік органдардың басшылары, Үкімет мүшелері, Парламент депутаттары, жоғары әскери оқу орындарының курсанттары мен олардың туыстары қатысты.

 

 

 

 

 

Ресми бөлім

09.07.2024, 05:57 Халықтың кредиттелуін төмендету мақсатында ауданда қаржылық сауаттылығын арттыру Бұдан бұрын әлеуметтік желілерде және «Целинное знамя» газетінде халықтың кредиттелуін…
22.12.2023, 09:09 Мүмкіндігі шектеулі адамдарға қолжетімді орта құру Халықтың аз қозғалатын топтары мен мүмкіндігі шектеулі жандар үшін әлеуметтік…
17.11.2023, 04:39 Сотты құрметтемеу. Бұл нені білдіреді және ол қандай жазаны білдіред? Әкімшілік құқық бұзушылық, азаматтық, қылмыстық істер туралы істерді сот талқылауыбарысында…
17.11.2023, 04:14 «Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі Көрсетілетін қызметті беруші: «Жарқайың ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар…
23.10.2023, 11:40 Мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділікті қамтамасыз етпеу бойынша жауапкершілік Қазіргі қоғамда «мүгедектік» мағынасы адам үшін қоғаммен «әлеуметтік иеліктен шығарылған»…
13.02.2023, 04:08 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Соңғы жылдары Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте белсенді қызмет байқалды.…