г. Державинск
ул. М. Габдуллина, 101/5

Департамент кәсіпкердің бұзылған құқықтарын қалпына келтірді

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмолаоблысы бойынша департаменті жер учаскесін бөлукезінде әкімшілік кедергілерге тап болғанкәсіпкердің бұзылған құқықтарын қалпынакелтірді.

Мәселен, "М" жауапкершілігі шектеулісеріктестігі өз жер учаскесінде тоғыз қабаттыкөппәтерлі тұрғын үй тұрғызып, оны пайдалануғаберді.

Бірінші қабаттағы коммерциялық объектілердіодан әрі ресімдеу, мүлік иелері бірлестігініңқызметін ұйымдастыру үшін кәсіпкер жеручаскесін бірнеше бөлікке бөлу қажеттілігіне тапболды.

Серіктестік Көкшетау қаласының жерқатынастары, сәулет және қала құрылысыбөлімімен жер учаскесінің сызбасын келісеотырып, оны бөлуге алдын ала рұқсатын алған.

Алайда, жерге орналастыру жобасын бекітукезеңінде мемлекеттік орган жер учаскесініңшекараларын нақтылау кезінде пайда болғансызбадан шамалы ауытқуға сілтеме жасай отырып, мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартты. Дегенмен бұл жағдайда бұл ауытқу оның жалпыауданына әсер етпеген.

Жерге орналастыру жұмыстарын қайта жүргізужәне алдын ала сызбаны келісу Серіктестік үшінқосымша шығындарға, айтарлықтай уақытжоғалтуға, сондай-ақ пәтер сатып алушылардыңнаразылықтарына әкеп соғар еді.

Осыған байланысты, бас тартумен келіспей, кәсіпкер Департаментке шағымымен жүгінді.

Шағымды қарау барысында мемлекеттікорганның лауазымды адамдары бастапқы сызбаданауытқудың шамалы екендігін, сондай-ақ жеручаскесін ұсынылған түрде бөлу ешкімніңқұқықтары мен мемлекет мүдделерінбұзбайтындығын растады.

Шағымды қарап, Департамент кәсіпкергемемлекеттік қызмет көрсетуден Әкімшілікрәсімдік-процестік кодексте белгіленгенмөлшерлестік қағидатына сәйкес келмейтінформальды себептермен бастартылды дегенқорытындыға келді.

Осыған байланысты Департамент БөлімгеСеріктестіктің бұзылған құқықтарын қалпынакелтіру туралы шешім енгізді.

Нәтижесінде мемлекеттік орган Департаментшешімін орындау үшін Серіктестіктің жеручаскесін бөлу шекарасын бекітті.

Ресми бөлім

09.07.2024, 05:57 Халықтың кредиттелуін төмендету мақсатында ауданда қаржылық сауаттылығын арттыру Бұдан бұрын әлеуметтік желілерде және «Целинное знамя» газетінде халықтың кредиттелуін…
22.12.2023, 09:09 Мүмкіндігі шектеулі адамдарға қолжетімді орта құру Халықтың аз қозғалатын топтары мен мүмкіндігі шектеулі жандар үшін әлеуметтік…
17.11.2023, 04:39 Сотты құрметтемеу. Бұл нені білдіреді және ол қандай жазаны білдіред? Әкімшілік құқық бұзушылық, азаматтық, қылмыстық істер туралы істерді сот талқылауыбарысында…
17.11.2023, 04:14 «Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі Көрсетілетін қызметті беруші: «Жарқайың ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар…
23.10.2023, 11:40 Мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділікті қамтамасыз етпеу бойынша жауапкершілік Қазіргі қоғамда «мүгедектік» мағынасы адам үшін қоғаммен «әлеуметтік иеліктен шығарылған»…
13.02.2023, 04:08 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Соңғы жылдары Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте белсенді қызмет байқалды.…