г. Державинск
ул. М. Габдуллина, 101/5

Кешкі 18.00 дейін тізімдегі азаматтардың 65 пайызы таңдауын жасап үлгерді

Сағат 18.00-дегі жағдай бойынша 7 624 641 адам дауыс берді. Бұл туралы Орталық референдум комиссиясының мүшесі Шавхат Өтемісов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың аумақтық комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес, астана уақытымен сағат 18.00-де өңірлердегі азаматтардың келуі мынадай: Ақмола облысы – 69,07, Ақтөбе облысы – 55,09, Алматы облысы – 68,1, Атырау облысы – 62,45, Батыс Қазақстан облысы – 65,49, Жамбыл облысы – 68,1, Қарағанды облысы – 73,31, Қостанай облысы – 71,07, Қызылорда облысы – 75,02, Маңғыстау облысы – 59,14, Павлодар облысы – 72,88, Солтүстік Қазақстан облысы – 73,12, Түркістан облысы – 78,24, Шығыс Қазақстан облысы – 72,76, Нұр-Сұлтан қаласы – 53,87, Алматы қаласы – 29,82, Шымкент қаласы – 69,55 пайыз. Жалпы, республика бойынша 7 624 641 азамат бюллетень алды. Бұл - тізімге енгізілген азаматтардың 65,04 пайызы», - деді Шавхат Өтемісов. Орталық референдум комиссиясы ел тұрғындарының сайлау учаскелеріне келуіне қатысты келесі деректі сағат 20.00-де ұсынады.


https://www.inform.kz/kz/keshki-18-00-deyin-tizimdegi-azamattardyn-65-payyzy-tandauyn-zhasap-ulgerdi_a3941020

Ресми бөлім

09.07.2024, 05:57 Халықтың кредиттелуін төмендету мақсатында ауданда қаржылық сауаттылығын арттыру Бұдан бұрын әлеуметтік желілерде және «Целинное знамя» газетінде халықтың кредиттелуін…
22.12.2023, 09:09 Мүмкіндігі шектеулі адамдарға қолжетімді орта құру Халықтың аз қозғалатын топтары мен мүмкіндігі шектеулі жандар үшін әлеуметтік…
17.11.2023, 04:39 Сотты құрметтемеу. Бұл нені білдіреді және ол қандай жазаны білдіред? Әкімшілік құқық бұзушылық, азаматтық, қылмыстық істер туралы істерді сот талқылауыбарысында…
17.11.2023, 04:14 «Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі Көрсетілетін қызметті беруші: «Жарқайың ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар…
23.10.2023, 11:40 Мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділікті қамтамасыз етпеу бойынша жауапкершілік Қазіргі қоғамда «мүгедектік» мағынасы адам үшін қоғаммен «әлеуметтік иеліктен шығарылған»…
13.02.2023, 04:08 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Соңғы жылдары Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте белсенді қызмет байқалды.…