Референдум кезінде бұзушылықтар жоқ-ІІМ
Воскресенье, 05 июня 2022 10:21
Референдум кезінде бұзушылықтар жоқ-ІІМ. Бұл туралы ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Атығай Арыстанов мәлімдеді. Оның айтуынша, ішкі істер органдары референдум кезінде қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз етуге міндетті.
"Ішкі істер органдарының барлық жеке құрамы күшейтілген режимде жұмыс істеуде. Бюллетеньдер әкелінгенге дейін дауыс беруге арналған барлық учаскелер қауіпсіздікке, оның ішінде өрт сөндіруге де тексерілді. Қазіргі уақытта жеке құрам күшейтілген режимде жұмыс істеуде. Жалпы ел бойынша жағдай тұрақты, қазіргі уақытта қандай да бір бұзушылықтар тіркелген жоқ", — деді Атығай Арыстанов онлайн-телемарафон кезінде.