г. Державинск
ул. М. Габдуллина, 101/5

Референдум: ҮЕҰ өкілдері азаматтық қоғам рөлінің нығаюы туралы айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының алаңында «Конституциялық реформа: қоғамның саяси трансформациясы» атты диалог алаңы ұйымдастырылды, деп хабарлады АҚДМ баспасөз қызметі.

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, сарапшылар конституциялық реформаның рөлін және азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғауды күшейту шараларын талқылады.

Жиынды ашқан ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Данияр Кадиров азаматтық қоғам өкілдерін алдағы референдумға белсене қатысуға шақырды.

Бүгінгі таңда Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің алдында азаматтардың жүргізіліп жатқан жұмыстардан толыққанды хабардар болуын қамтамсыз ету міндеті тұр. Бұл ретте біз барлық жағдайды жасауымыз керек. Сондай-ақ, азаматтарды осы жылдың 5 маусымына жоспарланған алдағы референдум жөнінен ақпараттандыру шараларына сарапшылар мен белсенді азаматтарды тарту да маңызды, – деп атап өтті Данияр Кадиров.

Диалог алаңының модераторы болған Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы Басқарма төрағасының м.а. Ғалым Құрман референдумды өткізуде әр қазақстандың дауысының зор мәнге ие екенін атап өтті.

Түзетулер бүкілхалықтық референдумға шығарылады. Біздің әрқайсымызға референдумға қатысу және ұсынылған реформаларға қолдау білдіру мүмкіндігі беріледі. Әр қазақстандықтың алдағы референдумға қатысып, дауыс беруі ел тарихында зор мәнге ие Сондықтан біз бұл диалог алаңын азаматтық сектор өкілдеріне алдағы реформаларды түсіндіру үшін, осыған қатысты олардың пікірін тыңдау үшін ұйымдастырып отырмыз, – деді Ғалым Құрман.

«Eurasian Expert Council» ҚҚ төрағасы Шыңғыс Лепсібаевтың пікірінше, республикалық референдум демократияландыру бағытындағы ел бағдарын нығайта түспек.

Мен референдумды қолдаймын. Менің ойымша, Конституцияға өзгерістер енгізілгеннен кейін Қазақстан демократиялық өзгерістерге қарай аяқ басады. Барынша тиімді және ашық мемлекеттік құру үшін біз жаңаша жұмыс істейтін боламыз, – деді «Eurasian Expert Council» ҚҚ төрағасы Шыңғыс Лепсібаев.

Кездесуге қатысушылар ел азаматтары үшін тарихи маңызды оқиғаны талқылау мақсатында өткізілген пікірталас алаңын ұйымдастырудың өзектілігін атап өтті.

Еске салайық, Конституцияға өзгерістер енгізу жөніндегі Республикалық референдум биыл 5 маусымда өтеді.

Барлық құқықтар қорғалған. baq.kz белсенді сілтемені пайдаланыңыз: https://baq.kz/referendum-ueu-okilderi-azamattyq-qogam-rolinin-nygayuy-turaly-aytty_278658/

 

Ресми бөлім

09.07.2024, 05:57 Халықтың кредиттелуін төмендету мақсатында ауданда қаржылық сауаттылығын арттыру Бұдан бұрын әлеуметтік желілерде және «Целинное знамя» газетінде халықтың кредиттелуін…
22.12.2023, 09:09 Мүмкіндігі шектеулі адамдарға қолжетімді орта құру Халықтың аз қозғалатын топтары мен мүмкіндігі шектеулі жандар үшін әлеуметтік…
17.11.2023, 04:39 Сотты құрметтемеу. Бұл нені білдіреді және ол қандай жазаны білдіред? Әкімшілік құқық бұзушылық, азаматтық, қылмыстық істер туралы істерді сот талқылауыбарысында…
17.11.2023, 04:14 «Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі Көрсетілетін қызметті беруші: «Жарқайың ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар…
23.10.2023, 11:40 Мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділікті қамтамасыз етпеу бойынша жауапкершілік Қазіргі қоғамда «мүгедектік» мағынасы адам үшін қоғаммен «әлеуметтік иеліктен шығарылған»…
13.02.2023, 04:08 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Соңғы жылдары Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте белсенді қызмет байқалды.…