г. Державинск
ул. М. Габдуллина, 101/5

Конституцияда жерге қатысты жаңа тұжырым кейін заңды әркелкі тәпсірлеуге жол бермейді - депутат

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Конституцияның республикалық референдумға шығарылатын жерге қатысты жаңа тұжырымы кейін заңды әркелкі тәпсірлеуге жол бермейді. ҚР Мәжіліс депутаты Ғалымжан Елеуов осындай пкірі білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Конституциядағы жерге және жер қойнауына қатысты меншік мәселесі туралы баптың тұжырымы келешекте әркелкі тәпсірлеу ықтималдығын жояды. Жер - біздің ұлттық бірегейлігіміздің негізі болуға тиіс. Сондықтан Президент бұл мәселеге нүкте қоюды жөн көріп отыр. Бұл - қалыпты процесс. Мемлекет жер қойнауының тиімді бөлініп, тиімді игерілуін бақылайды. Жер мен жер қойнауын мемлекеттің басқаруы Қазақстан халқына әлеуметтік жәрдемақы, тұрғын үй бағдарламасы, инфрақұрылымды дамыту, жұмыспен қамту бағдарламалары сияқты игіліктер әкеледі», - дейді депутат. Оның айтуынша, конституциялық реформа аясында ұсынылып отырған тежемелік әрі тепе-теңдік жүйе Президенттің өкілеттігін әлсірету арқылы Парламенттің өкілеттігін күшейтеді. «Заң қабылдаудың жаңа рәсімі енгізіледі. Заңды Парламент Мәжілісі қабылдайды, ал оны іске асыратын депутаттар саяси бәсеке негізінде сайланады. Мәжілістегі Қазақстан халқы Ассамблеясының квотасы жойылады. Конституциялық заңдар Парламент палаталарының бірлескен отырысында қабылданады», - деді Ғалымжан Елеуов. Сондай-ақ, ол референдумда Конституцияға енгізілетін өзгерістер мен түзетулер халық тарапынан қолдау тапса, Мәжілістің бақылау функциялары күшейтілетінін айтады. «Конституциялық сот шешім қабылдаған күннен бастап немесе ол белгілеген күннен бастап конституциялық емес деп танылған актілердің күші жойылады және қолданылуға жатпайды. Конституциялық соттың мұндай моделі көптеген дамыған елдерде бар және заңның үстемдігін орнатуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, Конституциялық сотқа жүгіну құқығын Бас прокурор мен адам құқықтары жөніндегі уәкіл алады. Конституциялық соттың өзі 11 судьядан тұрады. Оның ішінде Президент Сенаттың келісімімен тағайындайтын төраға болады. Төрт судьяны Президент тағайындайды, алты судьяны Парламент, әр палата үш-үштен тағайындайды», - деді Мәжіліс өкілі. Бұған дейін тағы бір Мәжіліс депутаты Ғани Ташқараев референдум Сенаттың ықпалын азайтып, Мәжілістің рөлін арттырады деу қате деген пайым айтқан болатын.


https://www.inform.kz/kz/konstituciyada-zherge-katysty-zhana-tuzhyrym-keyin-zandy-arkelki-tapsirleuge-zhol-bermeydi-deputat_a3935022

Ресми бөлім

09.07.2024, 05:57 Халықтың кредиттелуін төмендету мақсатында ауданда қаржылық сауаттылығын арттыру Бұдан бұрын әлеуметтік желілерде және «Целинное знамя» газетінде халықтың кредиттелуін…
22.12.2023, 09:09 Мүмкіндігі шектеулі адамдарға қолжетімді орта құру Халықтың аз қозғалатын топтары мен мүмкіндігі шектеулі жандар үшін әлеуметтік…
17.11.2023, 04:39 Сотты құрметтемеу. Бұл нені білдіреді және ол қандай жазаны білдіред? Әкімшілік құқық бұзушылық, азаматтық, қылмыстық істер туралы істерді сот талқылауыбарысында…
17.11.2023, 04:14 «Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі Көрсетілетін қызметті беруші: «Жарқайың ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар…
23.10.2023, 11:40 Мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділікті қамтамасыз етпеу бойынша жауапкершілік Қазіргі қоғамда «мүгедектік» мағынасы адам үшін қоғаммен «әлеуметтік иеліктен шығарылған»…
13.02.2023, 04:08 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Соңғы жылдары Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте белсенді қызмет байқалды.…