AMANAT Партиясының Жарқайың аумақтық филиалы Диалог алаңын өткізді
Диалог алаңында AMANAT Партиясының Жарқайың аумақтық филиалының ақпараттық – түсіндіру тобы ҚР Президентінің жолдауын түсіндіру бойынша ауыл шаруашылығы саласының өкілдері - "Жарқайың" ЖШС қызметкерлерімен кездесу өткізді, онда ауыл шаруашылығын дамыту, ауылды дамыту, пайдаланылмаған жерлерді қайтару және тағы басқа тақырыптар қозғалды. Осы Жолдауда Мемлекет басшысы кәсіпкерлерге жер учаскелерін жедел және ашық бөлу үшін, иесіз немесе мақсатына сай пайдаланылмайтын жерлердің болуын бағалауды жүргізу қажеттілігі туралы пәрменді тәсілдерді әзірлеуді тапсырды. Иесіз немесе мақсаты бойынша пайдаланылмайтын жерлердің болуына мониторинг қорытындысы бойынша ауданда жер учаскелерін нысаналы пайдалануға 27 материал КИОС-қа берілді, 1000 гектар мемлекеттік қорға өз еркімен қайтарылды, жерді мақсатсыз пайдалануды бағалау, жайылымдық жерлерді қайтару бақылауда қалып отыр, соңғы екі жыл ішінде жер учаскелерін трансформациялау процесі тоқтатылды.
Негізгі мәселелердің бірі Ауыл шаруашылығын дамыту болып қала береді, деп атап өтті Мемлекет басшысы және бюджет қаражаты тиімді қайтарым беруі үшін саланы субсидиялауға жаңа ұзақ мерзімді тәсілдерді дайындауды тапсырды. Сондай-ақ, ел Президенті субсидиялардың бөлінуіне және игерілуіне бақылауды күшейту қажеттігін атап өтті. Аудан аграрлары өз кезегінде Мемлекет басшысының, атап айтқанда, аграрлық саланы дамыту үшін үлкен перспективалар ашатын ауылдық кооперацияны дамыту шешімдерін толық қолдайды. Ел Президентінің келесі жылдан бастап ауыл тұрғындарының мұқтаждықтарына, атап айтқанда 650 ауылда ауылдық медициналық мекемелерді салу мен жарақтандыруға бағытталған ұлттық жобаны іске асыруды бастау туралы, қабылданған шешімі ауыл тұрғындарының алғашқы медициналық-санитарлық көмегіне қол жеткізуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
«Бүгінгі таңда біздің жұмысымызда басымдықтар қоғамдық диалог, ашықтық, адамдардың қажеттіліктеріне жедел ден қою болуы керек. Осының арқасында біз ойлағанның бәрін жүзеге асыра аламыз», - деп атап өтті қатысушылар.
AMANAT Партиясының Жарқайың аумақтық филиалы.