ЖОБА
Жарқайың ауданы елді мекендердің шекараларын (шектері) белгілеу туралы
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 108-бабының 5-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңына, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 3) тармақшасына сәйкес, Жарқайың ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Жарқайың аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Жарқайың ауданы елді мекендерінің шекаралары (шектері) алаңдарда, осы бірлескен қаулы мен шешімнің 1-23 қосымшаларына сәйкес белгіленсін.
2. Жарқайың ауданының «Жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі жер-есепке алу құжаттамасына қажетті өзгерістер енгізілсін.
3. Осы бірлескен қаулы және шешім алғашқы ресми жарияланған күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі
Аудандық мәслихаттың хатшысы