г. Державинск
ул. М. Габдуллина, 101/5

Ауылшаруашылық қызметкерлері күніне арналған салтанатты іс-шара

26 қараша күні аудандық мәдениет үйінде, аудан әкімі Н. К. Хамитовтың қатысуымен Ауылшаруашылық қызметкерлері күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.

Қасиетті Жер Ананың өн бойына еңбек нәрін сеуіп, бүгінде қажырлы қайраттарыңыздың жемісін елге ұсынудасыздар. Сіздердің туған өлкеге деген дархан пейілдеріңіз бен толассыз жанашырлықтарыңыз – ауданымызды өркендеуге жетелеуде. Өздеріңіздей азаматтар барда Аграрлық сектордың болашағы баянды болатыны сөзсіз.

Іс- шара барысында  аудан әкімі  Хамитов Жанболат Камериданұлы мереке иелерін құттықтап,

Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің салалық кәсіподағы қоғамдық бірлестігінің төсбелгісімен 1 дәрежедегі «Еңбек даңқы»  медальдарымен В.А. Сидоров,  В.Н. Виничуктарды,   2 дәрежедегі «Еңбек даңқы» медальдарымен  «Кәсіпкерлік және ауылшаруашылық бөлімі» ММ бас маны М.Т. Берлибеков,  «Дмитрий» ш/қ механизаторы Б.С. Сейтжанов,  «Фитосанитарлық диагностика және болжамдар бойынша әдістемелік орталық» мемлекеттік мекемесінің гербологы Л.Н. Куцтарды, 3 дәрежедегі «Еңбек даңқы» медальдарымен «СХП Отрадное» ЖШС механизаторы В.Е. Сагадеев  «Костычево» ЖШС механизатры Моторенко Владимирларды марапаттады.  

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің грамоталарымен «Фитосанитарлық диагностика және болжамдар бойынша әдістемелік орталық» мемлекеттік мекемесінің басшысы О.М.  Баегизов, . «Фитосанитарлық диагностика және болжамдар бойынша әдістемелік орталық» мемлекеттік мекемесінің маманы Г.К. Изтлеуовалар марапатталды.

Ауыл шаруашылығы қызметкерлері күні қарсаңында Ақмола облысы әкімінің  алғыс хаттарымен

«Ростов Агро» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің механизаторы С. М. Ахметов, «Жаркаин»ЖШС бақташысы В.А.  Ивашковалар марапатталды.

Мерекеде аудан әкімінің алғыс хаттарымен «Үздік механизатор», «Үздік комбайнер», «Үздік жүргізуші»,

«Үздік сауыншы», «Үздік малшы», Жарқайың ауданы әкімінің «Мал шаруашылығы саласында үздік ауылшаруашылық  кәсіпорыны», «Өсімдік  шаруашылығы  саласында  үздік ауылшаруашылық  кәсіпорыны, «Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі», «Үздік астық қабылдау кәсіпорыны»  номинациялары бойынша алғыс хаттармен  үздіктер марапатталды.

Осы мерейлі мереке күні сіздерге дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық тілейміз. Қамбаларыңызға астық толып, шаңырақтарыңыз шаттыққа бөлене берсін! Тәуелсіздігімізді баянды қылып, қуатты ел құру жолында бірлесіп атқаратын іс-қимылда қажымас қайрат, толайым табыстар тілейміз!

Іс-шара соңы адандық мәдениет үйінің көркемөнерпаздар ұжымының мерекелік концертімен жалғасты.

Ресми бөлім

09.07.2024, 05:57 Халықтың кредиттелуін төмендету мақсатында ауданда қаржылық сауаттылығын арттыру Бұдан бұрын әлеуметтік желілерде және «Целинное знамя» газетінде халықтың кредиттелуін…
22.12.2023, 09:09 Мүмкіндігі шектеулі адамдарға қолжетімді орта құру Халықтың аз қозғалатын топтары мен мүмкіндігі шектеулі жандар үшін әлеуметтік…
17.11.2023, 04:39 Сотты құрметтемеу. Бұл нені білдіреді және ол қандай жазаны білдіред? Әкімшілік құқық бұзушылық, азаматтық, қылмыстық істер туралы істерді сот талқылауыбарысында…
17.11.2023, 04:14 «Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі Көрсетілетін қызметті беруші: «Жарқайың ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар…
23.10.2023, 11:40 Мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділікті қамтамасыз етпеу бойынша жауапкершілік Қазіргі қоғамда «мүгедектік» мағынасы адам үшін қоғаммен «әлеуметтік иеліктен шығарылған»…
13.02.2023, 04:08 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Соңғы жылдары Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте белсенді қызмет байқалды.…