Құрметті прокуратура органдарының қызметкерлері мен ардагерлері!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Прокуратура күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Тәуелсіздік жылдарында прокуратура органдары өзінің қалыптасу жолдарынан өтті. Прокуратураның беделі еселеп өсіп, оның әлеуметтік маңыздылығы артта түсті. Мемлекет басшысы қойып отырған маңызды міндеттерді орындай отырып, прокуратура заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етудегі мемлекеттің сенімді тірегіне айналды.
Прокуратура қызметкерлерінің әрбір толқыны өздерінің кәсіби шеберліктерін дәлелдеп және таңдап алған кәсіптеріне адалдық таныта отырып, қадағалау органдарының қалыптасу шежіресіне өз үлестерін қосып келеді.
Ал заңдылық пен әділеттіліктің басты қағидаларын нығайтуға теңдессіз үлес қосқан ардагерлеріміз шын көңілден айтылатын қандай да бір ерекше жылы лебіздерімізге лайық.
Құрметті прокуратура органдарының ардагерлері мен қызметкерлері, мерекелеріңіз құтты болсын!
Сіздерге және әрқайсыңыздың отбасыларыңызға, туған-туыстарыңызға мықты денсаулық, бақыт және толайым табыс тілейміз! Заңдылықты нығайту жолындағы алдымызда тұрған жауапкершілігі зор міндеттерді орындауда және егемен Қазақстанның одан әрі қалыптасуына арналған жасампаз еңбек жолында мол жетістіктерге жетіңіздер!
Жарқайың аудандық мәслихаттың хатшысы А.Әлжанов