Құрметті Жарқайыңдықтар, қадірменді еңбек ерлері!
Баршаңызды елімізде айрықша мәні бар шуақты Еңбек күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
«Еңбек адамды ер атандырады», – дейді халқымыз. Аға буын Жарқайың елінің барлық жолында халықтың сана-сезімін қалыптастырып, қазақы рухын жоғалтпай, еңбекке бір адамдай жұмылдыра білді.
Ауызбіршіліктің, тынымсыз еңбектің арқасында аймағымыздан бірнеше Социалистік Еңбек ері шықты. Олардың есімдері аудан тарихында алтын әріптермен мәңгіге жазылып қалды.
Еңбек ерлерінің кезіндегі ерен еңбектері бүгінгі жас ұрпақ үшін аңызға айналғандай. Өңірімізде ұрпақтан ұрпаққа отбасылық құндылықтарды жеткізіп, жоғары кәсіби мамандар әзірлеуге үлкен үлес қосып отырған еңбек әулеттері қаншама?! Жас ұрпақ осындай өнегелі отбасылардан тәлім-тәрбие алып өсуі керек деп ойлаймын.
Қымбатты жерлестер!
«Еңбек-ырыс бұлағы, адамның бақыт шырағы» дегендей, ырыстарыңыздың бұлағын ағызатын, бақыттарыңыздың шырағын жаққызатын еңбек атты ұлы жолда табысты болыңыздар деп тілеймін.
Өңіріміздің өркендеуіне, мемлекетіміздің дамуына қосар үлестеріңіз мол болғай.
Жарқайың ауданының әкімі Жанболат Хамитов.