Құрметті жарқайыңдықтар!
Отбасы туралы сөз болғанда, жалпы адамзаттық ортақ құндылықтар көз алдыға келеді, ол ешбір ұлтқа тәуелдеп айтуға болмайтын, шекаралардың шектеуіне ұшырамайтын адамдарға ортақ әңгіме. Әр халықтың тілі бөлек, салт-дәстүрі бөлек болғанымен, ұрпақ өрбіту, тәрбиелеп есейту және ата-ананың перзенттері алдындағы жауапкершілігі бірдей. Әлбетте, отбасы туралы сөз еткенде, отбасының темірқазығы – әйелді және баланы естен шығара алмаймыз.
Халқымыз қыз баланы ардақтай отырып, «қызға қырық үйден тию» деп бекер айтпаған. Өйткені қыз бала болашақ ана болғандықтан, отбасының ұйытқысы-үйге келетін келіннің тәлім-тәрбиесіне, шыққан тегіне қазақ үлкен мән беретін. Өйткені ұрпақ мәселесіне үлкен көңіл бөлгеннен. Ұлы табиғат ата мен анаға сәбидің игілігі үшін ұдайы, әрі риясыз еңбектену қасиетін сыйлады.
Қоғамда өз орнымызды тауып, ақ пен қараны ажырата білуде жанұядан алған жылылықтың маңызы өте зор. Өйткені, адам баласын мейірімділікке, жақсылыққа үйрететін осы ыстық ұямыз.
Құрметті жерлестер!
Осы мереке қарсаңында Сіздерді, сіздердің жанұяларыңызды шын жүректен мерекелеріңізбен құттықтаймыз. Керегелерңіз бүтін, шаңырақтарыңыз биік болсын, жылы ұяларыңыз - берекелі, өнегелі, тамырлы болсын! Өздеріңіздің отбасыңыз-бүгінгі күні қоғамымыздың іргетасы болып қалануына тілектеспіз.
Жарқайың аудандық мәслихаттың хатшысы А. Әлжанов.