Құрметті жарқайыңдықтар! Қадірлі жерлесте¬р!
Баршаңызды күздің молшылығымен бірге келген жарқын мереке - Отбасы күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Отбасы - қоғамымыздың негізін құраушы маңызды институт болып табылады. Халқымыздың бойына біткен қонақжайлылық, үлкенге деген құрмет, туған жерге деген махаббат, толеранттылық секілді барлық ізгі қасиеттер ұрпақтан ұрпаққа отбасылық дәстүр арқылы беріледі.
Қоғамда өз орнымызды тауып, ақ пен қараны ажырата білуде жанұядан алған жылылықтың маңызы өте зор. Өйткені, адам баласын мейірімділікке, жақсылыққа үйрететін осы ыстық ұямыз.
Егемен еліміз, соның ішінде арқаның жазирасы киелі Жарқайың жері бірлігі бекем, татулық пен достықта өмір сүріп жатқан отбасыларымен әрқашан ерекше мақтана алады. Отбасылық құндылықтарды көзінің қарашығындай сақтай білетін жас жұбайлар, көпбалалы жанұялар әрдайым біздің мерейіміз.
Ақ жаулықты әжелер, ақ жүректі аналарымыз бен ақ сақалды аталар, ақ самайлы ағалар бастаған осынау отбасылық құндылық, кейінгі толқын жастарға өнеге болса, нұр үстіне нұр емес пе?! Сондықтан, осы күнгі отбасылар арасында адамгершілікті, ізгілікті және бір-біріне деген бауырмалдықты үлгі тұтқан игі дәстүрлер өз жалғасын таба берсе, ол үлкен ізгілік болмақ.
Отбасы-тәуелсіз мемлекетіміздің алғашқы тұнық бастауы. Мұны ешқашан естен шығармайық. Ал, оны өсіріп-өркендету біздің әрқайсымыздың өз қолымызда екенін жан-жүрегімізбен терең түсінсек екен деймін. Ауызбіршіліктің алтын кілті-сүттей ұйыған отбасында. Осы ұлағатты тағылымды жас отбасыларына жете түсіндірейік дегім келеді.
Қымбатты жерлестер, татулығы тамаша елдің бірлігі мықты. Ендеше, барша отбасына тату-тәтті тірлік, береке-бірлік және Тәуелсіз Отанымыздың бақуатты болашағы үшін жасап жатқан еселі еңбектеріңізге асқаралы абырой, ұрпағымызға ұлағатты өмір тілеймін.
Әр шаңырақта бақ қонып, қыдыр дарып, қуаныш пен шаттық шалқысын.
Ізгі тілекпен, Жарқайың ауданының әкімі Жанболат Хамитов.