Құрметті жарқайыңдықтар!
Халқымыздың ежелгі арманын баянды етіп, еркіндік, теңдік, бостандық жолын нұрландырып тұрған Конституция күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Ата Заң – біздің азаттық алғалы атқарған барлық істеріміздің алтын таразысы болып табылады. Оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, оның құқықтары мен бостандықтары. Ол еліміздің тұрақтануы мен өркендеуінің негізі мен кепілі.
Ата Заң арқылы асқар асуларды алған біз бүгінде жаңа кезеңге қадам бастық. Республиканың негiзгi Заңы ел бiрлiгiн бекiттi, қазақ жерiнде түрлi этникалық топтардың адамдарын бiрiктiрдi, жүйелi демократиялық өзгерiстердi жүргiзу және экономикасы дамыған әлеуметтiк бағдарланған мемлекеттi құру үшiн құқықтық iргетасы болды.
Әлем жұртшылығы алдында мерейіміз артып, абыройымыз асқақтады. Біз барлық жетістіктерімізге қоғамдағы бірліктің, келісімнің, Конституциямыздың басты құндылығы — батыл елдігіміздің арқасында қол жеткіздік.
Шын ниетпен баршаңызға денсаулық, бақыт, елiмiзге бейбiтшiлiк пен келiсiм, ортақ үйiмiз — Қазақстан Республикасының әрi қарай гүлденуiн тiлеймiн!
Жарқайың аудандық мәслихаттың хатшысы, А. Әлжанов.