Қымбатты ұстаздар, оқушылар, ата-аналар!
Сіздерді Білім күнімен және жаңа оқу жылының басталуымен құттықтаймын! Бірінші қыркүйек – әр адамның жүрегінде жақсы естелік қалдыратын, жарық та, жылы сезімдерге толы ерекше күн. Әр адам үшін осы күн жаңа білім, жаңа табыс, жаңа жетістіктерге жету бастамасы.
Уақыт бізден үнемі білім алып, кәсіби деңгейімізді дамытып отыруды талап етеді. Білім – экономиканың басты ресурсы. Оның табысты дамуы – тұлға мен мемлекеттің лайықты өмір сүруіне негіз болады.
Қымбатты оқушылар!
Сіздерге басталғалы отырған жаңа оқу жылында табысты білім алып, үнемі ізденіс үстінде болуларыңызға, жоғары бағаларға ие болып, жаңа оқу жылын мағыналы да, қызықты өткізулеріңізге тілектеспін.
Мектептің есігін ашып, тұңғыш табалдырығын аттап отырған бірінші сынып оқушылары үшін 1 қыркүйек – болашаққа жасап отырған алғашқы қадам, жаңа бастамалар мен ұмтылыстар, өзін-өзі жетілдіру мүмкіндігі. Мектептік кезең сіздер үшін алғашқы жеке шешімдер қабылдау кезеңі. Сіздерге алда білімнің жаңа шыңдарын игеріп, бірегей жаңалықтар ашу тұр. Бастаған барлық бастамаларыңыз сәтті болсын!
Өмірін сүйікті мамандығына - еліміздің болашағына білім беруге, тәрбиелеуге арнаған әр оқытушыға, педагогикалық еңбектің барлық ардагерлеріне, бүгінгі мерекелі күні, ерекше алғысымды білдіргім келеді. Сіздерге алдағы уақытта үздіксіз кәсіби жетістіктер тілеймін.
Мерейлі мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтай отырып, мықты денсаулық, шығармашылық табыстар, ізгі махаббат пен мейірім тілеймін!
Мереке құтты болсын!
Жарқайың ауданының әкімі, Жанболат Хамитов.