Құрметті денсаулық сақтау қызметкерлері мен ардагерлері!
Баршаңыз кəсіби мерекелеріңіз – Медицина қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Сіздердің əрқайсыңыз өз өмірлеріңізді жер бетіндегі ізгілікті іс – халықтың денсаулығын сақтау ісіне арнадыңыздар.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұлт денсаулығын қамтамасыз етуді басым бағыттардың бірі ретінде атап көрсетті.
Қазіргі аса күрделі кезеңде ауданымыздың дəрігерлері қайырымдылық пен жанашырлықтың үлгісін көрсете жүріп, азаматтарымыздың денсаулығын сақтау үшін COVID-19 дертінің ауданымызға таралу қаупіне тосқауыл қою жолында жанқиярлықпен еңбек етуде. Алғы шепте жүрген, тəулік бойы жəне мереке күндері өз жұмыс учаскесінде еңбек етіп келе жатқан барлық медициналық қызметкерлерге зор алғыс сезімімді білдіремін.
Осы мерейлі мереке қарсаңында денсаулық сақтау саласы ардагерлеріне арнайы алғыс сөзімді жолдаймын. Сіздер – отандық медицина саласының негізін қалаушыларсыздар, Жарқайың ауданының денсаулық сақтау саласын дамытуға орасан зор үлестеріңізді қостыңыздар жəне əлі де қосып келесіздер. Сіздер негізін салған тамаша дəстүрлер тəжірибе мен осы заманғы білімге ұштастырыла отырып, біздің аймақтың алдында тұрған үлкен міндеттерді шешуге елеулі ықпалын тигізіп отыр.
Барлық медициналық қызметкерлерге зор құрметімді білдіре отырып, сіздердің ауыр да жауапты еңбектеріңіз, өздеріңіз таңдаған мамандықтарыңызға деген адалдықтарыңыз, əрбір ақмолалықтардың өміріне қосып келе жатқан баға жеткізгісіз үлестеріңіз үшін зор алғысымды білдіремін.
Сіздердің жеке бастарыңызға жəне жақындарыңызға зор денсаулық, береке-бақыт, кəсіби табыстар жəне біздің еліміз – Қазақстан Республикасының одан əрі гүлденуі үшін жаңа жетістіктер тілеймін!
Жарқайың ауданының әкімі Жанболат Хамитов.