г. Державинск
ул. М. Габдуллина, 101/5

Поправки в Конституцию РК прокомментировал эксперт из Хорватии

02.06.2022, 09:14

Обновленная Конституция закрепит правовую основу для дальнейших реформ в Казахстане.

Мато Арлович, судья Конституционного суда Республики Хорватия, член общества дружбы «Хорватия – Казахстан»

Внесение изменений и дополнений в Конституцию Республики Казахстан вызвало у меня особый интерес. Отчасти потому, что поправки выносятся на общенациональный референдум, на котором решение будет принимать народ страны.

Но еще больше мой профессио­нальный интерес вызвали содержательные аспекты конституционных поправок, из которых, безусловно, наиболее важными являются следующие.

Во-первых, дальнейшее расширение по объему и содержанию статей, введение дополнительных конституционно-правовых норм, обеспечивающих защиту прав и свобод граждан, равенство всех без дискриминации по какому-либо признаку. Сюда входит (что крайне похвально) и предложение о закреплении в Конституции положения об отмене смертной казни.

Во-вторых, это предложения, направленные на дальнейшее конституционное регулирование модели разделения властей при соблюдении принципов взаимного сотрудничества и контроля, что является значительным шагом вперед не только в конституционно-правовом измерении, но и в плане развития политической культуры и демократии.

Это выражается прежде всего в следующем. Первое: конституционное закрепление фундаментальных принципов всеобщего, равного, прямого и тайного избирательного права, на основании которого народ как равноправная общность граждан избирает своих представителей в представительные органы государственной власти на национальном, регио­нальном и местном уровнях. Второе: реализация перехода от суперпрезидентской модели к президентской с сильным Парламентом, с автономной, независимой и нейтральной судебной системой.

Кроме того, это создание Конституционного суда Республики Казахстан как самостоятельного органа, куда граждане смогут обращаться напрямую для защиты своих гарантированных Конституцией прав и свобод.

Эти изменения открывают два совершенно новых компонента. Принимая такую ​​концепцию, будущая пересмотренная Конституция исходит из принципа, что все физические и юридические лица (включая органы государственной власти, органы местного и регионального самоуправления и органы публичной власти как юридические лица) подчиняются Конституции и закону и имеют столько прав, полномочий и обязанностей, сколько установлено правопорядком в соответствии с Основным законом.

Отношения подчинения между органами управления и простыми гражданами исчезают. Все равны перед законом. Более того, Конституция и закон строже относятся к ограничениям тех, кто обладает властными полномочиями, исходя из принципа, что лица, наделенные властью, имеют право делать только то, что позволяет им делать их право, а простые граждане могут делать не только все, что дает им право, но и то, что им не запрещено.

Все эти изменения соответствуют принципам укрепления законности как одной из основополагающих ценностей новой пересмотренной конституцион­ной структуры Республики Казахстан.

В-третьих, внесение поправок в Конституцию окончательно закрепит норму (как предлагается) о том, что народ является единственным собственником земли, ее недр и природных ресурсов. Это является нововведением и, возможно, условием для преодоления и устранения всех споров и разногласий в Респуб­лике Казахстан. Конечно, если адекватным и конституционно-правовым образом обеспечивается ответственное и демократическое управление.

Не вдаваясь в детальные подробности предлагаемых изменений и дополнений в Конституцию, только на основании вышеизложенного уже можно сделать четкий вывод о том, что Республика Казахстан посредст­вом конституционной реформы делает еще один значимый шаг для укрепления принципов правового государства. Это, как отмечают некоторые, положит начало построению Второй рес­публики – Нового Казахстана.

Я совершенно согласен с такой оценкой. Именно этот факт дает мне право отдать должное мужественному, разумному и решительному демократическому шагу, который предпринял Президент Республики Казахстан Касым-Жомарт Токаев, являющийся инициатором масштабных реформ.

Принимая предложенную редакцию Конституции, Казахстан закрепит правовую основу для дальнейших реформ, модернизации и построения современного и демократического государства, основанного на верховенстве права, обеспечивающего защиту конституционно гарантированных прав и свобод человека, где во главу угла ставятся вопросы поддержания мира, безопаснос­ти и свободы.

Я уверен, что все демократические государства и народы не только с уважением отнесутся к этой конституционной реформе, но и будут поддерживать Казах­стан в ее дальнейшей реализации во благо всех граждан страны и всех последователей демократических и либеральных идей, ценностей и целей.

Искренне поздравляю народ Республики Казахстан и его ответственное и мудрое руководство с этим демократическим шагом вперед. С внесением поправок и дополнений в Конституцию страна обеспечивает себе достойное место среди современных демократических государств.

Приветствую Казахстан в этом клубе и желаю народу страны процветания, дальнейшего развития и прогресса в условиях мира, свободы и безопасности.

 

https://kazpravda.kz/n/popravki-v-konstitutsiyu-rk-prokommentiroval-ekspert-iz-horvatii/

Тоқаев өз өкілеттігін референдум арқылы ұзарту туралы: мұндай ниет болған емес, болмайды да

02.06.2022, 09:13

Мемлекет басшысы Ұлттық ғылым академиясының сессиясына қатысты.

Президент, ең алдымен, ғалымдарды Ұлттық ғылым академиясының 75 жылдығымен құттықтап, мұны еліміз үшін мән-маңызы айрықша оқиға деп атап өтті. Сондай-ақ дамудың бірден-бір жолы ғылым екенін айтып, адамзат баласы жетістіктің бәріне білімнің арқасында жеткеніне тоқталды, деп хабарлады Ақорда сайты.

"Қарапайым заттардан бастап, күрделі ой-тұжырымдарға дейін, барлығы да – ғылымның жемісі. Шын мәнінде, ілім-білім арқылы бүкіл жаратылысты терең танып білеміз. Таным көкжиегін кеңейтіп, жаңа белестерге шығамыз. Ғылымның ең басты миссиясы – осы. Ұлы далада өркендеген ғылымның тамыры тым тереңде жатыр. «Адамзаттың екінші ұстазы» – Әл-Фарабидің ғылыми мұрасы – соның айқын көрінісі", – деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев көне заманнан бастау алған ілім жолы ешқашан үзілмегенін, өткен ғасырда қазақ ғылымы ерекше қарқынмен дамығанын еске салды. 

"Бұл ұйым құрылған кезден бастап қоғамдық дамудың көш басында болды. Қаныш Сәтбаев, Мұхтар Әуезов, Әбікен Бектұров, Ахмет Жұбанов, Әлкей Марғұлан, Шахмардан Есенов, Өмірзақ Сұлтанғазин, Мұрат Айтқожин, Әбдуәли Қайдаров және басқа да көптеген көрнекті тұлғалардың есімі Қазақстан тарихына алтын әріппен жазылды. Олардың әрқайсысы өз саласының асқар шыңын бағындырды. Қазба байлығымызды игеруге, өндірісті өркендетіп, экономиканы дамытуға, елді рухани жаңғыртуға өлшеусіз үлес қосты. Біз халқымыздың біртуар перзенттерінің еңбегін әрдайым жадымызда сақтаймыз. Өскелең ұрпақ оларды үлгі-өнеге тұтады. Бүгінде жас ғалымдарымыз сол алыптардың ізін басып, жолын жалғап келеді", – деді Президент.

Мемлекет басшысының айтуынша, әлеуетімізді арттырып, үздіксіз алға басу үшін әрдайым іздену керек. Биік мақсат қойып, жаңашылдыққа ұмтылып, жұмыстың тиімділігін арттыру қажет. Сондай-ақ ХХІ ғасырда мемлекеттің қуаты ғылыми-техникалық жетістіктермен өлшенетінін, халықаралық аренадағы ықпалы да осыған байланысты екенін алға тартты.   

"Ғылым мен технологияны, инновацияны дамыту – еліміздің бәсекеге қабілетін  арттыратын негізгі саланың бірі. Біз отандық ғылымның басымдықтарын халықаралық талаптарға және ұлттық мүддемізге сәйкес айқындаймыз. Бүгінгі басқосуда осы саланың мәселелері туралы ашық пікір алмасамыз деп ойлаймын", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы соңғы жылдары ғылым жүйесінде едәуір өзгерістер болып, саланы тежеп отырған түйткілдерді шешу үшін нақты жұмыс атқарылып жатқанына тоқталды. Сонымен қатар өткен аптада Ғылымды дамытудың 2026 жылға дейінгі тұжырымдамасы қабылданғанын айтып, еліміздегі 22 мыңнан астам ғалым санын осыдан 30 жыл бұрынғы ахуалмен салыстырғанда көп емес екенін атап өтті.

"Жалақының аз және тұрақсыз болуы осы саладағы кадрлық әлеуеттің күрт төмендеуіне әкеп соқты. Іргелі ғылымдармен айналысатын институттардың жағдайы өте ауыр болды. Біз алдымызға ғалымдардың санын көбейту, ғылыми экожүйені нығайту сияқты мақсаттар қойып отырмыз. Сондай-ақ, ғылыми жаңалықтардың коммерциялық тиімділігін арттыру және ғылымды басқару жүйесін жетілдіру басты назарда болады", – деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев осы проблеманы ғалымдар жылдар бойы көтеріп келгеніне назар аударып, аталған мәселе «Ғылым туралы» заңға енгізілген өзгерістердің негізінде шешілгенін атап өтті. Нақты айтқанда, заңға іргелі зерттеулерді жүзеге асыратын ғылыми-зерттеу институттарын қаржыландырудың жаңа түрі енгізілді. Бұл қадам бірқатар ғылыми институттардың үздіксіз жұмысын қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Базалық қаржыландыруға жетекші ғалымдардың еңбекақысы кіреді. Қабылданған шаралардың нәтижесінде ғылыми қызметкерлердің орташа жалақысы 70 пайызға өскен. Сондай-ақ ғылыми зерттеулерді қаржыландыру мерзімі үш жылдан бес жылға дейін ұлғайтылып, соңғы үш жылда ғылымның мемлекет тарапынан қаржыландырылуы 70 пайызға артқан.

"Ғалымдардың біліктілігін арттыру үшін әлемдік ғылыми орталықтарда тағылымдамадан өтуге гранттар бөлінеді. Ғылыми және ғылыми-техникалық жұмыстардың нәтижелерін коммерцияландыру бойынша сұранысқа ие жобалар жүзеге асырылып жатыр", – деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев отандық ғылымда түйткілді мәселелер әлі де жеткілікті екеніне тоқталып, оларды кезең-кезеңімен шешу үшін Академияның мәртебесін өзгерту, университеттердің ғылыми әлеуетін күшейту, ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды қолдау жүйесін жетілдіру, ұзақмерзімді ғылыми-технологиялық дамуды тиімді жоспарлау сияқты басымдықтарға назар аудару қажет екенін атап өтті.

Президент Академияның мәртебесін өзгерту мәселесіне егжей-тегжейлі тоқталды. Бұл құрылымның 20 жыл бойы ғылымды басқару ісінен тыс қалғанын атап өтіп, оның қызметі әлемдік тәжірибеге сай жүргізілуі керек екенін айтты.

"Бұл құрылым ғылыми ой-тұжырым орталығына айналуға тиіс. Сондай-ақ, сараптама жасайтын беделді мекеме болуы керек. Қара шаңырақтың рөлін арттыру аса маңызды. Сондықтан оған мемлекеттік мәртебе береміз және бюджет есебінен қаржыландырамыз. Оның қазір атқарып отырған қызметінен басқа да міндеттерін нақты белгілеу қажет. Атап айтқанда, ғылыми басымдықтарды дәл осы құрылым айқындауы керек", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент арнаулы гранттар, стипендиялар және сыйлықтар тағайындау құзыреті де Академияға берілгені жөн деп санайды. Сондай-ақ ғылымға адалдық мәселесіне баса назар аударды.

"Қазір қоғамда құр атақ үшін ғылыми дәреже алғысы келетіндердің бар екені жасырын емес. Бұл жағымсыз үрдіске айналып барады. Олар, шын мәнінде, ғылыми атаққа ие болғанымен, ғылым жолын жалғастырмайды. Соның кесірінен мемлекеттің қаншама қаражаты босқа кетеді. Бұған біржола тосқауыл қоятын кез келді. Біз ғылымға шынайы берілген азаматтарды ғана қолдауымыз қажет. Оның жолдарын жан-жақты ойластырған жөн", – деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев Академияға лайықты тұлғалар ғана ашық әрі әділ сайлануы қажет екеніне тоқталып, бұл мекеменің қызметін қазіргі заманғы талаптарға сәйкестендіріп, түбегейлі өзгерту керектігін жеткізді.

"Академиктер барынша ашық әрі әділ сайлануы қажет. Жұрт ұйымға мүше болу рәсімдерін және оған үміткерлерді толығымен біліп отыруға тиіс. Ғылыми қызметпен тікелей айналысатын академиктерге өмір бойы ай сайын стипендия беру мәселесі шешіледі. Үкіметке тиісті тапсырма бердім. Мұның бәрі Академияның жұмысына тың серпін беріп, беделін арттырады", – деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев университеттердің ғылыми әлеуетін нығайтуды екінші басымдық ретінде атады.

"Батыс елдерінде университеттерде технопарктердің аясында әртүрлі инновациялық стартаптар мен технологиялық компаниялар жұмыс істейді. Білім беру жүйесін жеке ғылыми орталықтармен және олардың әлеуетіне қарай технопарктермен біріктіру мықты зерттеу университеттерін қалыптастыруға мүмкіндік береді", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы осыған байланысты ғылыми зертханалар мен эксперименттік инфрақұрылымды дамытуға мақсатты гранттар бөлу арқылы ЖОО жанындағы ғылыми-технологиялық парктерді қолдау бағдарламасын іске қосуды Үкімет пен салалық министрлікке тапсырды. Президент зерттеу университеттерін білім берудегі сән үрдісі емес, Жаңа Қазақстанның инновациялық экономикасын құрудың негізі деп атап өтті. Бұған дейін еліміздің батысында техникалық университеттер құру қажеттігін айтқанын еске салған Қасым-Жомарт Тоқаев бұл қадамның дұрыстығына толық сенімді екенін жеткізді.

"Satbayev University – Қазақстандағы техникалық білімнің флагманы, жалғыз ұлттық ғылыми-техникалық университет. Сондықтан ол жаңа техникалық университеттер үшін ғылыми-өндірістік базаға айналуға тиіс. Еліміздің бас техникалық университетінің даму бағдарламасын бекітіп, оның негізінде инженерлік білім мен ғылымдағы жаңа технологиялардың ғылыми-зерттеу хабын құру қажет", – деді Мемлекет басшысы.

Президент үшінші басымдық ретінде ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды қолдау жүйесін жетілдіру жөнінде айтты.

"Ғылымды қаржыландырудың негізгі көзі ретінде мемлекеттік бюджетпен қатар жер қойнауын пайдаланушылар мен ұлттық компаниялардың қаражаттары, ірі жеке сектор – өнеркәсіптік корпорациялар және басқа да ұйымдар тартылуы керек. «Самұрық-Қазына» қоры жанынан Ғылыми-технологиялық бастамалар орталығы құрылды. Оның міндеті – ғылыми әзірлемелерді өндіріске енгізу үшін ғылыми қоғамдастықпен жүйелі ынтымақтастық орнату. Жер қойнауын пайдаланушылардың пайдалы қазбаларды өндіруге кететін қаржысының 1 пайызын ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға аудару және аударымдар мен қаражатты бөлудің ашықтығын қамтамасыз ету жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар мен жаңа ғылыми орталықтарды құруға жеке инвестициялар үшін салықтық және инвестициялық жеңілдіктерді арттыратын кез келді деп есептеймін", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президенттің пікірінше, ғылыми-зерттеу жұмыстарына жергілікті атқарушы органдарды тарту қажет. Олар да ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды қаржыландыра алуы керек.  Жергілікті жерлерде ғылым, бірінші кезекте, облыс экономикасының назарында тұрған мәселелерді шешуге бағытталуға тиіс.

Мемлекет басшысы ұзақмерзімді ғылыми-технологиялық дамуды тиімді жоспарлау мәселесін төртінші басымдық ретінде атады.

"Бұрынғы Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығын қайта ашу керек деп санаймын. Ғылыми қызметті тиімді басқару және сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу – маңыздың міндеттің бірі. Сол себепті, осы саладағы барлық үдерісті тезірек  цифрландыру керек. IT саласындағы соңғы жетістіктерді пайдаланып, Қазақстан ғылымының бірыңғай экожүйесін қалыптастыруға тиіспіз", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Қасым-Жомарт Тоқаев ғылымның ұлттық экономикаға қосатын үлесін көбейтіп қана қоймай, оның әлемдік ғылыми кеңістікпен ықпалдастығын күшейткен жөн деп есептейді. Сондай-ақ ғалымдар еліміздің рухани дамуына да баса мән бергені дұрыс.

"Жастардың отаншылдық рухын күшейту керек. Қазір әлеуметтік желіде Мемлекеттік туды қадірлеу туралы көптеген ой-пікірлер айтылуда. Өкінішке қарай, қасиетті көк туымызға байланысты орын алған жағымсыз жағдайлар азаймай тұр. Сондықтан, байрағымызды пайдалану тәртібін қайта қарау керек деп ойлаймын. Қажет болса, тиісті заңдарға өзгертулер енгізуге болады. Өйткені, көк туымыз – қастерлі Тәуелсіздігіміздің символы. «Туған жерге туыңды тік» деп халқымыз бекер айтпаған. Біз – туын әрқашан биік ұстаған елміз. Осы ретте, Қаныш Сәтбаевтың бір ойы өзекті болып отырған сияқты: «Өз елінің қара тасын мақтан ете алмаған, өзге жердің алтынын да мақтап жарытпақ емес». Мемлекеттік рәміздерімізді қастерлеу – әр азаматтың перзенттік парызы. Осыны өскелең ұрпақтың санасына сіңіретін ең әуелі – сіздер, яғни зиялы қауым. Қазір еліміз түбегейлі және жан-жақты өзгеру жолына түсті", – деді Президент.

Мемлекет басшысы бірнеше күннен кейін Конституцияға енгізілетін түзетулер бойынша референдум өтетініне тоқталып, бұл болашағымызды айқындайтын жауапты сәт екеніне назар аударды.

"Бұл қоғамдық-саяси өзгерістерге қоғамның сұранысын және халықтың алдағы өзгерістердің шынайылығына деген сенімін көрсетеді. Өйткені, осы реформалар жеке тұлғалардың, соның ішінде Президенттің артықшылықтарын арттыруды емес, бүкіл қоғамның мүддесін көздейді. Менен ел ішінде де, шетелде де Мемлекет басшысы өз өкілеттігін референдум арқылы ұзартуға, басқаша айтқанда, президенттік өкілеттікті қайта бастауға қамданып жатыр ма деп сұрайды. Менің жауабым біреу-ақ, мұндай ниет болған емес, болмайды да", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Ұсынылып отырған саяси жаңғырту бағдарламасының мазмұны – ауқымды. Бірақ басты назар адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау жүйесін нығайтуға, азаматтардың мемлекеттік басқаруға қатысуын кеңейтуге, мемлекеттік институттардың ашықтығы мен тиімділігін арттыруға бағытталған.

"Дамыған демократиялық қоғам құру дегеніміз айқайлап ұрандату, бірден нәтижеге қол жеткізу емес, дәйекті және жүйелі жұмыс жүргізу екенін түсінуіміз керек. Елімізде жоғары саяси жауапкершілік мәдениеті орнығуы қажет. Бүкілхалықтық референдум жаңа әділетті Қазақстанды құрудың маңызды бастамасы болмақ", – деді Мемлекет басшысы.

Президент қолға алған реформалардың табысты болуы оларды жүзеге асыруға барлық азаматтың қалай атсалысатынына тікелей байланысты екеніне назар аударды. Бәріміз бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарғанда ғана елдің нақты жаңғыруын және прогрессивті дамуын қамтамасыз ете аламыз.

"Алдағы референдум елдің саяси трансформациясының соңғы кезеңі емес, шын мәнінде оның бастамасы екенін атап өткім келеді. Жұмыс енді ғана басталып жатыр, өйткені өмірдің өзі және азаматтардың қажеттіліктері бізге жаңа міндеттер жүктейді. Саясатта шалт қимылға жол берілмейтінін, ең күрделі геосаяси жағдайларда ол жойқын зардаптарға, деградацияға, тіпті мемлекеттіліктің жоғалуына әкеп соқтыруы мүмкін екенін қаперде ұстау керек. Біз осындай тар жол, тайғақ кешуде әр қадамымызға байыппен қарауымыз керек", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы бұл үдерісте ғалымдар мен академиялық қоғамдастықтың рөлі өте маңызды деп есептейді. Сондай-ақ қай уақытта да ой-пікір алыптары мен көрнекті зерттеушілер қоғамдық дамудың алдыңғы шебінде болғанын айтты.

"Олар сыни ойлау жүйесін дәйекті түрде қалыптастырды. Надандық пен архаикаға қарсы тұрды және алаяқтар мен популистерге қатаң, дәлелді тойтарыс берді. Өкінішке қарай, елімізде әлі күнге дейін түрлі ырымдарға, ескірген стереотиптерге және жалған ғылыми идеяларға байланысты құбылыстар бар. Дамудың шынайы заңдылықтарын ғылыми тұрғыдан түсінетін қоғамда деструктивті көзқарастарға орын жоқ. Бұл жерде білім мен даму үстемдік етуі керек. Жаңа идеяларды тудыратын еркіндік пен шығармашылық атмосферасы – қазіргі әлемдегі негізгі табысты фактордың бірі", – деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев сөзін қорытындылай келе, ғалымдар Жаңа Қазақстанды, яғни Екінші Республиканы құру ісіне белсене атсалысып, осы маңызды әрі тарихи сәтте зор жауапкершілік танытатынына сенім білдірді.

Жиын соңында Президент бірқатар ғалымды мемлекеттік наградалармен марапаттады.

https://informburo.kz/kaz/newskaz/tokhaev-oez-oekilettigin-referendum-arkhyly-uza

Бизнес өкілдері де белсенді

02.06.2022, 09:12

Референдумды ойдағыдай өткізу – баршаға ортақ жауап­кер­шілік. Бұдан бизнес өкілдері де тыс қалмақ емес. Бүгінде «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының бастамасымен кә­сіпкерлер де алдағы референдум туралы түсіндіру жұмыс­та­рын жалғастыруда.

 

Палата Конституцияға енгізі­летін түзетулерді шағын және орта бизнес субъектілері арасында жан-жақты түсіндіру үшін арнайы жоспар әзірлепті.

Ұлттық кәсіпкерлер палата­сы­ның төралқа төрағасы Райымбек Баталовтың айтуынша, түзілген жоспар аясында сауда және ойын-сауық орталықтарында, дү­кендерде, басқа да шағын және орта бизнес нысандарында түрлі кездесулер ұйымдастырылған. Бұдан бөлек, Кәсіпкерлерге қыз­мет көрсету орталықтарының кон­суль­танттары да түсіндіру жұ­мыс­тарына атсалысуда. Онлайн-вебинарлар да өткізіліп жатыр. Бұл арқылы 265 мың адамды қамту көзделіп отыр.

– Қазірдің өзінде түсіндіру жұмыстары арқылы 4 мыңнан аса кәсіпкерлік нысанын аралап, 90 мыңға жуық адамды қамтыдық. Атап айтқанда, 220 желілік дүкенді, тұрғын үйлерде орналасқан 1 300 дүкенді, сауда-саттықпен айналысатын 328 нысанды, 200 нарық пен 1 300-ден аса басқа да нысандарды араладық, – деді Райымбек Баталов.

Оның айтуынша, дәл қазіргі уақытта түсіндіру жұмыстарын жүргізудің маңызы зор. Әсіресе, орта, шағын және микро бизнес субъектілерінде еңбек ететіндерді қамту керек. Өйткені, халықтың көп бөлігі дәл осы салада шоғыр­лан­ған.

– Өкінішке қарай, көп жағ­дай­да бизнестегі адамдар мұндай түсіндіру жұмыстарынан сырт қалып жатады. Оларға елдегі сая­си оқиғалар туралы ақпарат та дұрыс жеткізілмейді. Біз бұл жолы осы олқылықтың орнын толтыруды жөн көрдік. Оның үстіне ұлттық палатаның халықпен жұ­мыс істеуде қалыптасқан өзін­дік тәжірибесі бар, ресурсы да жет­кілікті. Түсіндіру жұмыс­та­ры­на палатаның өңірлік филиалдары, Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтары тегіс жұмыл­ды­рыл­ды және бұл дұрыс қадам болды деп есептеймін, – дейді «Ата­мекен» ұлттық кәсіпкерлер пала­та­сының төралқа төрағасы.

Оның пікірінше, қазірдің өзінде елімізде оң өзгерістер бас­талды. Халық осының бәрінен уақытылы хабардар болуы керек.

– Референдум әшейін науқан емес. Ол – болашағымызды таңдау. Сондықтан оның маңыз­ды­­лығын бәріміз түсінуіміз керек, – дейді Р.Баталов.

Шымкент қаласы Кәсіпкер­лер палатасының директоры Нұрлан Қабыштаевтың айтуынша, халықты референдумға шақыру, Конституцияға енетін өзгерістерді халыққа түсіндіру жұмыстары үшінші мегаполисте де қарқынды жүріп жатыр.

– Осы аптада шаһардағы ірі сауда орындары мен үй іргесінде орналасқан дүкендерді араладық. Халықтың дені алдағы саяси шарадан хабардар. Дегенмен өзгеріс­тер­ді егжей-тегжей түсіндіруге тырыстық. Шын мәнінде, бұл референдумда халықтық азаматтық бел­сенділігі байқалатын болады. Сондықтан оған бизнес өкілдері де тегіс қатысады. Жаңа Қазақстан – жалаң ұран емес. Ол жаңа һәм әділетті қоғам құру қағи­даты. Демек халық өз пікі­рін ашық айтуы керек. Соған беріл­ген үлкен мүмкіндіктің бірі – алдағы референдум. Ондағы өзгерістердің ауқымын ескерсек, рефе­рендумға ел тұрғындарының тегіс қатысуы маңызды, – дейді Нұрлан Қабыштаев.

«Бәсекелестік саясатты дамыту және қорғау орталығы» АҚ вице-президенті, конститу­ция­лық реформаларды түсін­ді­ру мәселелері жөніндегі респуб­ли­ка­лық штабтың мүшесі Марат Мұстафиннің пікірінше, халық, оның ішінде бизнес өкілдері бұл референдумды ұзақ күтті.

– Қаңтар қасіреті елдегі өзге­ріс­­терге жол ашты. Бұл өзге­ріс­терді бизнес те ұзақ күтті. Әсіресе шағын және орта бизнес. Осы күнге дейін ірі бизнеске ерекше назар аударылып келді де, шағын және орта кәсіпкерлікке бертін ғана мән беріле бастады. Ал дамыған елдер ел экономи­ка­сындағы шағын және орта биз­нестің үлесін арттыруға тырысады. Себебі экономиканы кө­те­ретін де сол сектор. Меніңше, алдағы өзгерістерден соң, елдегі кәсіпкерлік саласының тынысы ашылады. Сондықтан алдағы референдумнан үлкен үміт күтеміз, – дейді Марат Мұстафин.

 

https://egemen.kz/article/313944-biznes-okilderi-de-belsendi

 

Референдумға қатысудың маңызы зорм

02.06.2022, 09:12

Мәжіліс депутаты Александр Милютин және Төтенше жағдайлар министрлігінің өкілдері жұмыс сапарымен Ақмола облысына келіп, облыстың ТЖ департаментінің қызметкерлерімен кездесулер өткізді, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Кездесу барысында Мәжіліс депутаты Щучинск қаласы жа­са­ғының қызметкерлеріне Конституцияға ұсынылған өзге­ріс­терді түсіндірді. Кезде­суге азаматтық қорғау орган­да­ры­ның 100-ден астам қыз­мет­кері қатысып, болашақ рефе­рендум туралы өздерін қызық­ты­рған сұрақтар қойды.

«Болашақ референдум бар­лық қазақстандық үшін өте маңызды оқиға, өйт­ке­ні референдум арқылы Конс­ти­ту­цияға 1995 жылдан бастап өзгерістер енгізілген жоқ. Біздің рес­пуб­ли­камыздың әрбір азаматы, азаматтық қорғау орган­дарының қызметкері осы ма­ңыз­ды сая­си оқиғаға қаты­суға және өз ұстанымын біл­ді­руге құқылы», деп атап өтті Мә­жілістің Экология мәсе­ле­лері және табиғат пайдала­ну коми­те­тінің төрағасы Алек­сандр Милютин.

ТЖМ өкілдері Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бас­та­масымен қолға алынған конс­ти­туциялық реформаның негізгі бағыттары туралы егжей-тегжей айтып берді. «Бұл түзе­тулер жалпы алғанда пре­зиденттік реформалар мен­ Жаңа Қазақстан рухына сәй­кес келетін Кон­сти­ту­ция баптарының үш­тен бір бөлігін қамтиды. Конс­­ти­туция­лық өзгерістер мем­ле­кет­тің толыққанды дамуы, сондай-ақ жаңа ұрпақтың мүд­десін көрсету үшін керек», деп атап өтті А.Милютин.

Кездесу соңында Мәжіліс депутаты мен Төтенше жағ­дай­лар министрлігінің өкіл­де­рі қойылған сұрақтарға жауап беріп, қаты­су­шыларды осы жыл­дың 5 маусымында өтетін бүкіл­халықтық референдумға бел­сен­ді қатысуға шақырды.

 

https://egemen.kz/article/313950-referendumgha-qatysudynh-manhyzy-zor

Жастар оң өзгерістерге дайын

02.06.2022, 09:11

Халықаралық білім беру корпорациясында конституциялық реформаларды түсіндіру мәселелеріне арналған «Конституция – мемлекеттің негізгі заңы» тақырыбында вебинар өтті.

Іс-шара алдағы 5 маусымда өтетін Конституцияға өзге­ріс­тер енгізу жөніндегі жал­пы­республикалық рефе­рен­думға орайластырылған. Вебинарға Халықаралық білім беру кор­по­рациясының 50-ден астам бел­сен­ді студенті қатысты.

Алматы қаласының мәс­ли­хат депутаты Әсия Ақа­но­ва республикалық рефе­рен­думға ұсынылатын өзге­ріс­тер мен толықтыруларды түсін­дір­ді. «Жаңа Қазақстан білімді, ізденімпаз және жасампаз жас азаматтың интеллектуалды ұр­па­ғы түсінігіне сәйкес келуі тиіс. Сондықтан жастар түсіндіру жұ­мыстарына, іс-шараларға, оның ішінде пікірталастарға бел­сен­ді қатысуы маңызды», деп түйіндеді сөзін депутат.

Жалпы жиын ашық сұрақ-жауап форматында ұйым­дас­ты­рылды. Сонымен қатар жас­тар елдің саяси, әлеуметтік, эко­но­микалық және мәдени дамуы жолында қабылданатын конституциялық реформалар, сондай-ақ Конституцияны же­тіл­діру туралы өз пікірлерін біл­дір­ді. ХБК студенті Бағлан Лес­беков мүгедек жандарға кө­мек көрсету мәселесін атап өтсе, Айым Масабаева әрбір Қазақстан азаматы оң өзгерістерді өзі­нен бастау керектігін, яғни «әр­қай­сымыздың игі істеріміз бен оң бас­тамаларымыз Жаңа Қазақ­стан­ға айналудың алғашқы қа­да­мы» деген пікірін қосты. Сон­дай-ақ вебинар аясында әлеу­мет­тік желілердегі, оның ішінде TikTok-тағы ақпаратты сұрыптау мәсе­ле­сі қозғалды.

 

https://egemen.kz/article/313951-zhastar-onh-ozgeristerge-dayyn

 

Ресми бөлім

09.07.2024, 05:57 Халықтың кредиттелуін төмендету мақсатында ауданда қаржылық сауаттылығын арттыру Бұдан бұрын әлеуметтік желілерде және «Целинное знамя» газетінде халықтың кредиттелуін…
22.12.2023, 09:09 Мүмкіндігі шектеулі адамдарға қолжетімді орта құру Халықтың аз қозғалатын топтары мен мүмкіндігі шектеулі жандар үшін әлеуметтік…
17.11.2023, 04:39 Сотты құрметтемеу. Бұл нені білдіреді және ол қандай жазаны білдіред? Әкімшілік құқық бұзушылық, азаматтық, қылмыстық істер туралы істерді сот талқылауыбарысында…
17.11.2023, 04:14 «Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі Көрсетілетін қызметті беруші: «Жарқайың ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар…
23.10.2023, 11:40 Мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділікті қамтамасыз етпеу бойынша жауапкершілік Қазіргі қоғамда «мүгедектік» мағынасы адам үшін қоғаммен «әлеуметтік иеліктен шығарылған»…
13.02.2023, 04:08 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Соңғы жылдары Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте белсенді қызмет байқалды.…